Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:13, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Болат Көмеков.tif
Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков

Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков (5.8.1940 жылы туған, Жамбыл облысы Тараз қаласы) – шығыстанушы-арабтанушы, тарих ғылымдарының докторы (1994), Қазақстан ҰҒА-ның академигі (2003).

Өмірбаяны

Ғылыми жұмыстары

Қазақстанның ортағасырлық тарихын, тарихи географиясын араб, парсы, көне түркі жазба ескерткіштері негізінде зерттеумен шұғылданады.

  • Тарих ғылымында алғаш рет көне түркі тайпасы – қимақтардың мемлекеттік құрылымы болғанын ғылыми тұрғыда шығыс деректері бойынша негіздеген. Оның басшылығымен құрылған халықаралық қыпшақтану институты Мысыр, Сауд Арабиясы, Ливия, Түркия, Иран, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Украина, Армения, т.б. елдердегі ортағасырлық этностар тарихын зерттейтін ғалымдармен тығыз байланыс орнатқан. Ол 420-дан астам ғылыми жарияланымының авторы,
  • 19831985 жылдары баспадан шыққан Ш.Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағының жауапты редакторы болды.

Халықаралық «Түркістан» (2000) энциклопедиясын шығаруға белсене қатысты, Стамбұлда түрік және ағылшын тілдерінде шығарылған 26 томдық «Түркі халықтары тарихы» энциклопедиясын (2002) әзірлеуге ат салысты.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер