Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бозот"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:28, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Бозот - бидайық пен бетегелі, бозды табиғи мал жайылымы. Мамыр, маусым айларында бозоттық құнарлылығы мол болады. Бозотты қара мал, әсіресе жылқы малы сүйсініп жейді. Бозды жерде жылқы семіреді деген халық нақылы боз оттың осындай қасиетінен шықса керек.

Әр малдың сүйіп жейтін шөбі болады. Мал шаруашылығының қыр-сырын толық меңгерген қазақ қай шөптің қандай түлікке жұғымдылығын жақсы білген. Мәселен жылқы ащы шөпті аз жеп, бозды көп жейді, ал түйе керісінше, ащыны көп жеп, бозды аз жейді. Сарыарқаның бетегелі, қауданды, қияқты, бидайықты өлкелерін жылқының жері - боз отты десе, жусанды жайылымды, ягни «қара отты» жерді түйе мен қой түлігіне қолайлы деп санаган. Ал өзен, көл жағасындағы батпақ жерге шығатын шалғын жайылымды - өлеңді жерді сиыр түлігінің өсіп-өнер жері деп біледі. «Өлеңді жерде өгіз семіреді» мәтел осыны меңзейді. Боз деп шөпке де, жерге де байланысты айтылады. Көкшетау өңірінде мал жайылатын жерді, ал Қарақалпақстандағы қазақтар құнарлы, тың жерді боз дейді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бозот|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}