Битабар Елубайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Битабар Елубайұлы Битабар балуан (1880-1965), Ортау болысы, Жалғызағаш деген жерде туған. 16 жасынан бастап балуанға түскен. 17 жасында Алтай-Қарпық руында жауырыны жерге тимей жүрген Быдықтың Әшімі деген балуанды, 1898 ж. Тарақты Құттыбайдың асында Қаракесек-Баймұрат Бертістің Құлжанбегін жығады. 1902 жылы жаз айында Аралбай Ерденбайдың досы Балуан Шолақ келіп Алтай-Қарпық елін аралап өнер көрсетеді. Ерденбайдың інісі Битабармен күш сынасып риза болған Балуан Шолақ батасын береді. Жанына ертіп жүріп күрес әдістерін үйретіп, жас балуанды күреске түсіріп қызықтайды. «Бұл Ғалияның інісі, өзіме тартқан балуан» деп мақтайды. Битабар 1926 жылы Барқы-Нияз Иса қажының асында Ақмола уезіне аты жайылған Қарпық-Серкебай руының Асар деген балуанын жығады. Қаракесек Смағұл қажының асына Ақмола, Қарқаралы уезі түгел жиналған. Сонда Қарқаралының аты Алатау-Арқаға мәлім атақты балуаны Шәкірбектің жауырынын жерге тигізеді. Кеңес заманында ауыл кеңес төрағасы, ферма менгерушісі болған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>


(1890, Қарағанды облысы Шет ауданы — 1958) — палуан. Ерен күшімен жастайынан көзге түсіп, Қарағандының шахталарында, кейін Мойынты—Шу темір жолының құрылысында еңбек еткен. Битабар палуан күреске түсумен қатар гіртас көтерумен де айналысқан, күрес тәсілдерін жастарға үйретіп, оларды палуандық өнерге баулыған. Ол жаттыққан бір гіртас қазір Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау а-ндағы мектепте сақтаулы тұр. Битабар палуан белгілі қазақ палуандары М.Боқаев пен Ә. Сәлімбаевтың ұстазы болған. Жазушы С. Шаймерденов палуанның өмірі туралы “Битабар палуан” (1968, “Жазушы” баспасы) атты повесть жазды.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}