Бисара Мәкенова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:55, 2017 ж. наурыздың 14 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Бисара Мәкенова (20 қаңтар, 1954 жыл, Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы, Көкжартас ауылы) - әнші.
Өмірбаяны
Әкесі - Ғабдуллин Мәкен, марқұм. Анасы - Ғабдуллина Рахима, марқұм.
- Республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясын (1979) «Домбырамен ән айту», эстрада өнерінің әртісі мамандығы бойынша бітірген.
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының музыка және ән айту факультетін бітірген (1992).
- 1972 жылдың қаңтар айынан - Семей облысының «Ақсуат» кеңшарында құрылыс бөлімінің жүмысшысы.
- 1972 жылдың қараша айынан 1973 жылға дейін - Семей облысының «Көкпекті» кеңшарындағы балабақшаның тәрбиешісі.
- 1974 жылдың ақпан-мамыр айларында - Семей облысы «Көкпекті» кеңшарының жұмысшысы.
- 1974-1977 жылдары - Семей облысы Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің №1 автоклуб меңгерушісі.
- 1979 жылдан бері - Ақмола облыстық филармониясының солист-вокалисі.
Марапаттары мен жетістіктері
- ҚазКСР (1989) және ҚР (2004) Мәдениет министрлігінің құрмет грамоталары.
- ҚР Президентінің (2001) алғысхаты.
- Семей қаласындағы Әйелдер кеңесінің (2003) алғысхаты.
- Семей қалалық Мәдениет басқармасының (2003) алғысхаты.
- Семей қаласындағы Абай атындағы мұражайдың (2004) алғысхаты.
- ҚазКСР Мәдениет министрлігінің II дәрежелі дипломы
- ҚазКСР Мәдениет министрлігінің Құрмет дипломы (1983)
- Қазақтың халық әндерін орындаушылардың Ә. Қашаубаев атындағы I Республикалық конкурсының II сыйлығының лауреаты (1980).
- ҚазКСР Еңбек сіңіргөн әртісі (1990).
Отбасы
- Ұлы - Мәкенов Арман (1993 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub