Биохимиялық жолмен қалыптасқан газдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Биохимиялық жолмен қалыптасқан газдар. Бүгінгі белгілі жіктемелерде органикалық заттар есебінен қалыптасқан бүкіл табиғи газдар, өздерін қалыптастыратын процестердің әркелкілігіне қарамастан, түгелімен биохимиялық жолмен қалыптасқан газдар ретінде қарастырылып жүр. Биохимиялық жолмен қалыптасқан газдар қатарына, яғни биогендік газдарға тек қана биохимиялық процесс өнімдерін жатқыза отырып, қазба органикалық заттардың биогендік емес процестер нәтижесіндегі (мәселен, метаморфизм нәтижесі) өзгерістерінің туындыларын өзгеше категорияға даралау өте дұрыс болған болар еді. Бастапқы материал құрамына және өздері туындаған орта сипатына байланысты биохимиялық жолмен қалыптасқан газдар құрамында әр түрлі мөлшерде С02, СН4, H2S, NH3, Н2, N2,N20 т.б. болады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}