Бильрот 1 және 2 тәсілі бойынша асқазан резекциясы.

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:26, 2014 ж. сәуірдің 18 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Бильрот 1 тәсілі бойынша асқазан резекциясы.

Сурет:Theodor Billroth.jpg
Христиан Альберт Теодор Бильрот
Сурет:Bilroth-im-Hörsaal.jpg
«Теодор Бильрот операция үшін», Адальберт Зелигманн картинасы

Жараның асқазанды антральді немесе пилорикалық бөлімінде орналасуы кезінде және онекіелі ішектің тыртықты өзгерісі болмаса Бильрот 1 тәсілін қолданамыз. Операция техникасы: Асқазан мобилизациясынан кейін пилорикалық бөлімімен онекі елі ішектің бастапқы бөліміне ішектік жомдар қояды. Жомдар арасынан асқазанды кесіп, сол жаққа қайырады.Асқазан 3/1 бөлігіне Пайра жомы және Гофмейстер-Фейнстер тәсілі бойынша екі қысқыш салады. Салынған жіптерді анастомоз салған кезде ұстағыш ретінде болатын шеткісінен басқасын кесіп өтеді. Осыдан кейін жомдар арасындағы асқазанды кесіп препаратты алып тастайды. Қалған жомның кіші иіліміне жіп-ұстағыш тағады және жоғарғы жоммен бірге асқазан қабырғасының шетін кесіп алады. Асқазан культіне бастапқыда үздіксіз кетгутты жіп салады да кейін түйінді серозды-бұлшықетті жіп тағады. Культтің жоғарғы бөлігін тіккеннен кейін, асқазан және12 елі ішек қабырғаларының шетін кесіп өтеді.

Асқазан резекциясын Бильрот 2 тәсілі бойынша жүргізу

Жара ауры кезіндегі асқазан мобилизациясы.

lig, gastrocolicum-ді асқазаннан кесіп алуды үлкен иілімнің 3/1 бөлігінен бастау керек. Ол үшін асқазан мен көлденең тоқ ішекті жараға шығарып асқазан тоқ ішек байламын тамырсыз, май тарамдары орналасқан жерінен кеседі. Асқазан-тоқ ішек байламын кесу әдетте осы артериялардың майлық тарамдарын байлау арқылы асқазан-май артериясынан төмен жүргізіледі. Кейбір хирургтер аа. gastro-epiploicae dextrae et sinistrae асқазан тарамдарын байлап осы байланған жеодің үстінен кеседі. Пайда болған тесікке иілген қысқаш (зажим) енгізіп онымен теседі. Содан кейін маңайында жатқан байламды қысады. Бірінші қысқашнен дистальдірек екінші қысқашді қысады және қысылған бөлігін кеседі. Кіші аудандарымен солға үлкен иілімін мобилизациялайды және асқазанның 3/1 бөлігіне дейін a. et v. gastro-epiploica sinistra қысқашдер арасында қиылысатын жерінде мобилизациялайды.

Барлық қысылған тамырларды ретімен байлайды.Осылайша асқазан-тоқ ішек байламының оң жақ бөлігін онекі елі ішекке өтетін жерге дейін байлайды және кеседі.Асқазан қалтқысында a. at v. gastro-epiploica dextra –ны бөлек байлайды.

Бұл кезде a. gastro-epiploicae dextrae-нің қасында орналасқан a. colicae mediae-ні қоса ала кетпеу үшін және зақымдамау үшін үлкен сақтық қажет.Осыдан кейін 12елі ішектің бастапқы бөлігін мобилизациялайды.

Дереккөздер:

1. http://ru.wikipedia.org/wiki/Бильрот,_Теодор

2. Основы оперативной хирургии – Симбирцев С. А. Санкт-Петербург, “Гиппократ”, 2002.

3. Caro Johannes. Lettere 1865/1895 Billroth Brahms, a cura di Aloys Greither, EDT, 1997