Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бикен Ырымқызы Римова"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(→Жазған шығармалары) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
18:43, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі нұсқасы
Бикен Ырымқызы Римова (1.1.1923 жыл, қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданы Қанабек а. — 6.1.2000 жыл, Алматы) — актриса, Қазақ КСР-інің халық артісі (1966).
Мазмұны
Өмірбаяны
- 943 жылы Алматы театр уч-щесін бітірген.
- 1940 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақтың мемл. академ. драма театры (Алматы) труппасында қызмет етті.
Ойнаған рольдері
Тұңғыш ойнаған рөлі – Ғ.Мүсіреповтің “Ақан Сері - Ақтоқты” трагедиясындағы Мәрзия (1942). Актриса кезінде
- Сәуле (Ә.Әбішев, “Достық пен махаббат”, “Күншілдік”),
- Фарида (Ә.Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес”),
- Қамаш (М.Иманжанов, “Менің махаббатым”),
- Ғайни (Т.Ахтанов, “Күтпеген кездесу”), т.б. рөлдерді орындап, қазақ сахнасында замандастар образын жасауға елеулі үлес қосты.
- Еңлік (М.Әуезов, “Еңлік-Кебек”),
- Зылиха, Меңсұлу (Ш.Хұсайынов, “Сырымбет саласында” және “Алдар Көсе”),
- Сарыжорға (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал”),
- Күнікей (Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”),
- Жаңыл, Жер-Ана (Ш.Айтматов, “Аңсаған менің әнімсің” мен “Ана — Жер-Ана”, соңғы спектакльдегі рөлі үшін Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйл., 1966),
- Жиіан (Ж.Файзи, “Башмағым”),
- Бостан, Күмри (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі” мен “Күйеу”),
- Сидзе (М.Каору, “Шығыстағы бір бейбақ”),
- Донна Эльвира (М.Фриш, “Дон Жуанның думаны”), т.б. рөлдерде ойнады.
Кино саласындағы рольдері
1955 жылдан киноға түсіп
- “Өжет қыз”
- “Ана туралы аңыз” (1964)
- “Там-там үні” (1968)
- “Ұлдың оралуы” (1977)
- “Ай астындағы үй” (1983)
- көп сериялы “Тоғысқан тағдырлар” телефильмінде (1996 — 1999), т.б. фильмдерде елеулі рөлдер жасады.
Жазған шығармалары
- “Абай – Әйгерім” (Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша, 1979)
- “Қос мұңлық” (1991) атты драм. шығарма
ұстаздары мен сахналас серіктері туралы “Өнердегі өнегелі өмірлер” (1997) кітабын жазды.
Есте сақтау
- Актриса есімі Талдықорғанның қазақ драма театрына (2000) берілді.
Марапаттары
- “Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған<ref>.Құндақбаев Б., Нұрпейісов К., М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына 40 жыл, А., 1966;</ref> <ref>Бикен Римова, А., 2001.</ref><ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>