Бикен Римова атындағы театр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:01, 2014 ж. сәуірдің 19 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Бикен Римова атындағы театр - Талдықорған қаласының тұңғыш театры.

Бикен Римова атындағы драма театры Алматы облысы,Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесінде орналасқан.

Театр 1975 жылы 4 қарашада «Қозы көрпеш – Баян сұлу» (авторы Ғ. Мүсірепов) спектаклімен ашылған.

2000 жылы 31 тамызда театрға Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бикен Римованың аты берілген.

Театр директорлары:

  1. Бейсенбиев Қалмахан (1975-1978)
  2. Беримбетов Өмірсеит (1978-1979)
  3. Рақышев Сағынбек (1979-1981, 1990-1991)
  4. Нұрғалиева Дина (1981-1986)
  5. Омаров Байтен (1986-1989)
  6. Шалғабаев Алдабек (1989-1990)
  7. Жазықбаев Секербек (1991-1996)
  8. Жұмаділ Сағындық (1996-2003)
  9. Сүгірбеков Қайрат (2003-2005)
  10. Ахманов Мұрат (2005)

Театрдың бас режиссерлары:

  1. Қамбаров Мұхтар (1975-1981)
  2. Құлданов Аскербек (1982- 1983)
  3. Омаров Байтен (1983-1988)
  4. Асылханов Саулебек (1988-1992)
  5. Амир-Темир Хусейн (1992-2003)
  6. Тоқымтаев Базарбек (2005-2007)

Театр әртістері

  1. Темiрбаева Ғалия Әмiрқамқызы - 1959 жылы 26 қыркүйекте Кербұлақ ауданында туған. К.Гольдони «Екi қожаға бiр қызметшi» - Глоричи, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» -Гауһар, А.Кенжебекова «Абай туралы аңыз» - Қаныкей, Т.Есiмжанов «Жолда қалған жолаушы» -Ұлтуар, С.Жүнiсов «Қысылғаннан қыз болдық» -Айгүл, В.Шекспир «Король Лир» - Регена, Л.Егембердиева «Қалталы күйеу, қайдасың?» -Анар, т.б. ҚР мәдениет қайраткері.
  2. Тілеуғабыл Гүлмайра - 1986 жылы 17 маусымда моңғол Республикасында дүниеге келген. Қазақстанға 1991 жылы оралған. Осында орта мектеп бітірген. Абылай хан атындағы шет тілдер институтында оқыған, бірақ аяқтамаған. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Актер өнері» мамандығы бойынша 2009 жылы бітірген. Театрда 2010 жылдан еңбек етеді.
  3. Қырбасов Ғазиз Сұлтанұлы - 1989 жылы 14 тамызда Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында туған. Осында орта мектеп бітірген. Театрда 2009 жылдан актер.

Театрдың бүгінгі таңдағы репертуары:

  1. Ә.Тәжібаев «Көтерілген күмбез», ( реж.М.Ахманов)
  2. Т.Әлімқұлов «Қош бол,Қараой», (реж.Қ. Сүгірбеков)
  3. Иран-Ғайып «Ана аманаты», (реж.М.Ахманов)
  4. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», (реж.М.Ахманов)
  5. М.Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы», (реж.С.Нұрғалық)
  6. Ф.Буляков «Ұзатылмақ кемпірлер», (реж.С.Нұрғалық)
  7. Л.Егембердиева «Қалталы күйеу, қайдасың?» (реж.Т.Көбеков)
  8. Ә.Ақпанбет «Дүние-думан», (реж.Қ.Сүгірбеков)
  9. Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы», (реж.М.Ахманов)
  10. Б.Мұқай «Өмірзая», (реж.Б.Тоқымтаев)
  11. А.Веселов «Қар балалар», (реж.С.Нұрғалық)
  12. М.Ахманов «Алдардың айласы» (реж.М.Ахманов)
  13. М.Әуезов, І.Есенбеолин.Инсценировкасын жасаған Ө.Ахмет. (реж.М.Ахманов)
  14. А.Тома «Әйел сегіз, ол жалғыз», (реж.И.Әбілмәжінов)
  15. О.Әбділманов «Раушан», (реж.М.Ахманов)
  16. Ө.Ахмет «Бағдаршам», (реж.М.Ахманов)

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

  1. «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры»