Бижанның Хасені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бижанның Хасені (1856 - 1934), ұстаз, ағартушы, кәсіби дәрігер. Дадан Тобықтының Кұттыбай руынан. 20 ғасырдың 20-жылдарында Тоқырауын, Балқаш өнірлеріне танымал болған фельдшер осы аймақтарда тұңғыш мектеп ашып, кедей балаларын оқытқан. Оның шәкіртгерінін арасынан академик Орынбек Жәутіков, қазақ әйелдері арасындағы апғашқы мед. ғыл. докторларының бірі Гүлбаһрам Тарабаева, тех. ғыл. докторы, Лениндік сыйлықтын лауреаты Әлихан Мусиндер шықты. Жаңалыққа ұмтылған Хасен Тоқырауын бойы қазақтарына егін егу, тері илеу кәсібімен айналысуға мұрындық болған адам. Алғаш былғары з-тын, қызыл кірпіш з-тын ашқан. Ол Балқаш көлінде алғашқы балық кәсіпшілігін ұйымдастырушылардың бірі болды. Оның бұл жаңалықтарын құптаған Ә. Бөкейханов онымен байланыс жасап отырған. 1915 ж. «қазақ» газетінде Хасен жөнінде мақала жазған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}