Бидай көже

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:28, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бидай көже -дәстүрлі орта сусындарының бір түрі. Келіге түйіліп, кебегі алынып, аздап жармаланған бидайды етпен бірге қайнатып алып, айран қосып, бөлек бұқтырып қойып дайындалатын сусын түрі.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Жалпылама

Түктеліп кебегі ұшырылған, шаңтозаң, ұнтақтардан тазартылған бидайды келіге салып түйеді. Келідегі бидайға аздап су сеуіп дымқылдап араластарады. Оған дейін де басқа тегешке салып араластыруға болады. Бидай жармаланып, бір-бірімен қамырланған дән әбден тұтасып, кіріккенше түйіледі. Мұны көжелік бидай "жаншу" деп атайды. Бидайды келіде жаншыған кезде оны жиі-жиі қолменен араластырып отыру қажет. Сол кезде бырт көже болмай барлық дән жарылып, біркелкі жаншылады. Жаншылған бидайды сүтке , сүт қосылған суға немес сорпаға, суға салып қайнатады. Қазанды сарқылдатып, қатты қайнатпай, жанышпа қазан түбіне жабысып қалмайтындай араластырып отырып баяу қайнатады. Жанышпа бөртіп, көже қоюланған кезде отты сөндіріп, қазанның қақпағын жауып, бір сағатқа жуық бұқтырып қояды. Көженің тұзын, піскен-піспегенін татып көріп, қайтадан қайнатады. Сорпаға, сүтке пісірілген көженіыстықтай іше беруге болады. Ал суға пісірілген көже сәл салқындатылып, "көже қатық" деп аталатын сүзбені езіп немесе езілген құрт қосып ұсынады. Бидай көже - Өте тоқ тамақ әрі сусын.

Дереккөздер

Сегізбайұлы Кәдірбек С30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бидай көже|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}