Бигелді Жошыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бигелді Жошыұлының өмірбаяны

Бигелді Жошыұлы (1860, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылы — 1933, сонда) — би, шешен, сынықшы. Батырлар әулетінен шыққан.

Күрті, Балқаш, Бақанас, Топар, Іле өңірін жайлаған елдің әйгілі көшбасшысы. Қара қылды қақ жарған би, ақындар айтыстарының жеңімпазы, емші-сынықшы (“Біреуде ақың кетсе Бигелдіге бар, бір жерің сынса Бигелдіге бар” деген сөз қалған), мерген аңшы ретінде Жетісуда есімі құрметтелген. Бигелді би “Атаңды ұятқа қалдырма” деген ұлағатты қатаң қолданған. Бидің шешендік сөздері, мақал-нақылдары, өлең термелері ел аузында сақталған. Бигелдінің жақсы қасиеттері мен өнері баласы — Қазақстанның халық ақыны Балтағұл Бигелдиевның (1891 — 1981) бойынан жалғасын тапты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Бигелді Жошыұлы туралы әңгіме

Сонымен Бигелді Жошыұлы ширек ғасырдай Күрті, Балқаш, Бақанас, Топар, іле өңіріне билік құрған айтулы шешен би боп өткен. 1933 жылы 73 жасында дүниеден қайткан. Бүгінде Бигелді биден қалған шешендік билік сөздер, мақал, нақылдар, өлең-термелер, аңыз-әңгімелер сол Бигелді билік еткен ауыл, аудандардан көп кездеседі. 1965-68 жылдары сол аудандарда фольклорлық экспедидияда Жүргенде ел аузынан (әсіресе, Балтағұл Бигелдиевтің өзінен) жазып алған Бигелді бидің шешендік сөздері мен мақал, қанатты нақыл, термелері мына темендегідей:

Арзымасқа алдырма,
Аяғыңды шалдырма.
Арзымасқа алдырып,
Аяғыңнан шалдырып,
Атаңды ұятқа қалдырма.
Тектіменен дос болсаң,
Қадіріңді біледі.
Тексізбенен дос болсаң,
Өзіңді сыртқа тебеді.
Әйеліңмен дос болсаң,
Отаныңа береке кіреді.
Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақыл береді.
Әркімнің өз сүйгені бар,
Ер жігіт елін сүйеді.
Диқан жерін сүйеді,
Малшы төлін сүйеді,
Бақа көлін сүйеді,
Бұлдырық шөлін сүйеді.
Өз ауылыңның -
Қыздары айдай көрінер,
Ұлдары дардай көрінер,
Құлыны тайдай көрінер,
Тайлағы нардай көрінер,
Торғайы тұрымтайдай көрінер,
Үш ағайынды жігіттің.
Отар-отар малы бар.
Екі ағайынды жігіттің,
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің,
Шығар-шықпас жаны бар.
Қайсар жігіт болғаның,
Қолбасшыңның арқасы.
Жайсаң жігіт болғаның,
Жолдасыңның арқасы.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}