Бибайша Ілиясқызы Нұрдәулетова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бибайша Ілиясқызы Нұрдәулетова(24.7.1964, Қызылорда облысы Арал ауданы Мергенсай а.) – филология ғылымдарының докторы (2008), профессор (2005). ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006).
- ҚазМУ-ды (1987, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
- Маңғыстау облысы Құрық кентіндегі орта мектепте мұғалім (1987–1994)
- [Атырау педагогикалық университеті]]нің (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) Ақтау бөлімшесінде (1994–2000) оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды. 2000 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі.
Ғылыми еңбектер
- «Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
- 40-тан астам ғылыми жарияланымның, 2 монография мен 4 оқу құралының, 6 оқу-әдістемелік нұсқаулықтың авторы.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}