Бет перде

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бет перде<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref> — театрландырылған ойындар мен күлдіргі рөлдерде, карнавалда, сауық кештерінде өзін танытпау үшін киетін жасанды бет жамылғысы. Ол әр түрлі болып келеді (адамның бет-әлпеті, аңның бейнесі, т.б. түрінде). Бет перделер бағзы замандарда әдет-ғұрыптық салтанаттарға байланысты пайда болған. Кейінірек театрлар мен халықтық ойындарда кеңінен қолданыла бастады (қ. Театрлық маскалар);

Бет перде<ref name="source1"/> - Күнге күюден, желқақты болудан және шаң-тозаңнан қорғау үшін бетке жауып жүретін тор перде;

Бет перде<ref name="source1"/> - спорт ойындарында (фехтование) бетке киетін қорғаныс-қалқан;

Бет перде<ref name="source1"/> - кейбір шығыс халықтарының әдет-ғұрыптары бойынша әйелдер бүркеніп жүретін паранжыны да бет перде дейді. Ойын-сауық пен дене күтімі үшін киетін бет перделер гипстен, қағаз қатырғыдан, матадан, жібек жіптерден жасалса, спорт ойындары үшін жеңіл металдардан істеледі.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}