Бестас ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:25, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

“Бестас”, “бесмін” — тастан жасалған, баспалдақ пішіндес ескерткіштердің ерекше түрі. Батыс Қазақстанның Маңғыстау, Үстірт, Ембі аңғары аймағында кең тараған. “Бестастар” құрылымы жағынан қабір үстіне қойылатын “үштас” ескерткіштердің, сондай-ақ, баспалдақты тұғырға орнатылатын “қойтастардың” жетілдірілген түрі болып табылады. “Бестастың” жоғарғы параллелепипедтері төменгілеріне қарағанда әлдеқайда жақсы өңделген. Олардың үстіне әр түрлі (көбінесе бояулы) бедерлі өрнектер салынады. Өрнексіз пирамида немесе сан қырлы етіп қашалған өте күрделі, көрнекті ескерткіштер түріндегі айрықша нұсқалары да кездеседі. Бұл тұрғыдан Үстірттегі Қамысбай, Сисем ата, Асан қожа қорымдарындағы “Бестастар” айтарлықтай назар аударарлық.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}