Бессаусақ қарашағыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:39, 2016 ж. маусымның 28 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Taxobox Бессаусақ қарашағыр немесе Қара Ажырақ (→Қара Ажырық) (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасының қарашағыр туысына жататын өсімдік. Төселе жайылып өсетін ұзын тамыр сабақты көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

Сабағы тік, биіктігі 8 – 50 см, жер астындағы жатаған өркені шым түзеді. Жапырағы қандауыр пішіндес, түкті немесе тықыр. Гүлшоғыры 3 – 7 масақты шоғырланған бұтақша. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте тұқымы піседі. Қара Ажырақ – суғармалы егістіктің арамшөбі. Күрес шаралары: ауыспалы егіс жерді сыдыра жырту, күзде терең айдау. Алаңдарды шымдандыру үшін егіледі.

Таралуы

Қарашағырдың тропиктік, субтропиктік және қоңыржай климаттық белдеулерде өсетін 10-ға жуық түрі өседі. Қазақстанда бессаусақ қарашағыр көп тараған. Шөптесін өскен тау беткейлерінде, шалғындарда, өзен жайылымдарында, тыңайған егіндіктерде, жол бойында өседі және бау-бақша мен егістік жерлерде арамшөп ретінде кездеседі.

Шаруашылықтағы қолданысы

  • Жайылымдарда малдың құнарлы азығы.
  • Көгалдандыру, аэродромдар мен спорт алаңдарына шым төсеу үшін қолданылады.
  • Топырақ эрозиясымен күресуде пайдаланылатын ең басты өсімдік. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>