Бердіқұл Қалымбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:28, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қалымбетов Бердіқұл (15.3.1920, Сырдария ауданы – 16.2.1978, Алматы) – ғалым, ботаник-миколог, фитопатолог. Саңырауқұлақтарды зерттеген тұңғыш қазақ маманы, биология ғылымдарының докторы (1963), профессор (1967).

Орта Азия мемлекеттік университетін (Ташкент қаласы) бітірген (1949). Қазақстанда микроскопиялық паразитті саңырауқұлақтардың биологиясын зерттеу мектебін қалыптастырған. 1953 – 78 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында споралы өсімдіктер биологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі (1968 – 78), сонымен бірге, 1955 – 57 жылдары Алматы ботаника бағының (қазіргі Бас ботаникалық бақ) директоры, 1970 – 78 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық институтының (ҚазҰАУ) фитопатология кафедрасының меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері микология мәселелеріне (Қазақстан мен Түрікменстан микофлорасына) арналған. Қалымбетов саңырауқұлақтың ғылымға беймәлім 50-ден аса түрін ашқан. 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

= Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}