Бердібек Сәрсенұлы Бейсенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бердібек Сәрсенұлы Бейсенов (15.9.1927 жыл/30, Жамбыл облысы Сарысу ауданы 1-ауыл - 19.3.2002 жыл, Алматы) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1961).

Өмірбаяны

  • 1946 - 49 ж. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, А.М. Курганов пен Б.Жылысбаевтың класы бойынша) оқыған.
  • Әншілік өнер жолын 1950 ж. Қазақ филармониясының хор артисі ретінде бастады.
  • 1950 -53 ж. Қазақстан Министр Кеңесінің Радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің әншісі.
  • 1954- 55 ж. Шығыс округінің шекарашы әскерлері штабының әншісі
  • 1955 - 64 ж. Қазақ ән-би ансамблінің әншісі
  • 1964 - 70 ж. Қазақ филармониясының әншісі
  • 1970 - 86 ж. Қазақконцерттің соло-әншісі болды.

Репертураы

Оның репертуарында Абайдың "Көзімнің қарасы...", М.Төлебаевтың "Кестелі орамал", "Тос мені, тос", І.Жақановтың "Нені ойладың", "Даниярдың әні", сонымен қатар А.Т. Новиковтың "Түнгі аңыз", Н.А. Римский-Корсаковтың "Май түні" операсынан Левконың екінші әні, Дж. Вердидің "Риголетто" операсынан Герногтың әні, т.б. композиторлардың туындылары орын алды. 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан.

Марапаттары

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі грамотасы (1957)
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасы (1961)
  • медальдар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}