Белсаз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Белсаз – көне дәуірден сақталған ғұрыптық құрылыстар. Жамбыл облысы Мерке ауданы аумағында, Сандықтау қыратындағы Белсаз сайының батыс кемерінде, тау баурайындағы қайнар бұлақтың жанына салынған. 1997 ж. Мерке кешенді археол. экспедициясы (жетекшісі А.Досымбаева) тапқан. 19971998 ж. қазба жұмыстары жүргізілген. Ғұрыптық құрылыстар екі жерде орналасқан. «Белсаз 1» деп аталатын бірінші құрылыс тастан қаланған үш қорғаннан тұрады. Орт. қорған тік төртбұрышты, аумағы 7,5x7,4 м, биікт. 1,3 м, солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай салынған. Қазба жұмыстары кезінде бұл қорғанның ортасынан тік төртбүрышты тас қоршау табылды. Оның ішіне балбал мүсін орнатылған. Қоршаудың аумағы 2,8x1,8 м, сырткы қорғанға ұқсас бағдарланған. Балбал мүсіннің дәл астынан, 1,5 м тереңдіктен күл мен отын шаласы табылды. Балбал граниттен жасалған, биікт. 0,87 м, ер адамның мүсіні бедерленген. Жүзі қашалып кескінделген, алдына айқастырылған қолындағы тостаған тәрізді түбі тегіс ыдыс та анық байқалады. Тастан қаланған, диам. 4 м, биікт. 0,3 болатын екінші қорғанға бала мүрдесі отқа жағылып жерленген. «Белсаз 1» ғұрыптық құрылысынан шығысқа қарай 0,5 км жерден тағы бір ғұрыптық кешен табылды. «Белсаз 2» деп аталған бүл кешендегі 1-қорған – дәл орталықта орналасқан ең қомақты құрылыс. Қорған диам. 9,5 м, биікт. 1,3 м қорғанның іргетасын айналдыра ені 1,5 м тереңд. 0,3 м ор қазылған. Қазба жұмыстары кезінде қорғанның ортасында ірі тастардан солт-тен оңт-ке бағдарлай қаланған тікбұрышты, аумағы 3,4x2,2 м бөлме болғаны анықталды. Мұнда еркек пен әйел мүсіндерін ғұрыптық жерлеу рәсімдері жасалған. Ер адам мүсіні етбетінен жатқызылып, басы солт.-шығысқа бағдарлана қойылған. Ал әйел мүсіні беті жоғары қаратылып, басы солт.-батысқа қаратыла қойылған. Екі мүсін де граниттен қашалған, әрқайсысының қолына ұстап тұрған шаршы пішінді түбі тегіс ыдысы бедерленген. Ер адам мүсініне қарағанда әйел мүсінінен шошақ төбелі бас киімі, мойнындағы моншақ, кеудесіндегі қос алқа анық байқалады. Археология зерттеулерден соң, ескерткіштер бастапқы калпына келтірілді. Б. ескерткіштері осы аймақты қоныстанған ежелгі тайпалардың ата-бабалар аруағына табыну, жерлеу ғұрыптарын өткізетін қасиетті құрылыстары болған. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}