Белбеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Белбеу — киім сыртынан буынуға арналған бұйым (ұзындығы 1,5—2 м). Белбеу атауы “бел” және “бау” сөздерінің қосылуынан пайда болған. Ол әр түрлі матадан немесе жұмсақ иленген жұқа жарғақтан, қайыстан, былғарыдан жасалады. Осыған орай жібек белбеу, қыжым белбеу, жарғақ белбеу, күдері белбеу, т.б. атала береді. Былғарының сыртын алтын, күміспен әшекейлеп жасаған белбеуді кісе деп те атайды;<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Белбеу<ref name="source1"/> - арба, шананың тертесін ершіктің үстін баса көтеріп тұратын, бір басында тоғасы бар қайыс немесе құр. Оны кейде белқайыс дейді.

Белбеу түрлері:

Дембет белбеу – күмістелген, күміс жапқан белдік.

Күдері белбеу – жұмсақ иленген бұлан не бұғы терісінен жасалған белдік.

Кісе белбеу – адамның әлеуметтік дәрежесін танытатын сәндік белбеу. 2. қару-жарақ ілінетін белдіктің ең көне түрі.

Кемер белбеу – бетіне алтын не күмістен өрнекті жапсырма бекітілген, ішік, тон, шапан сыртынан буынатын жалпақ сәнді былғары белбеу.

Көнте – қон теріден жасалған қалың, жалпақ белдік.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}