Бекі қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бекі қорымы (17—20 ғасырлардың басы) — Маңғыстау облысындағы Шетпе кентінен батысқа қарай 4 км жерде 120 - 80 м аумақты алып жатқан қорым. Құрамында күмбезді 3 көрхана, көрнекті 12 сағанатам, 2 сандықтас және 100-ден астам алуан түрлі шағын құлпытас, қойтас, үштас, төрттас, бестас, құлпытастардың басқа да дәстүрлі типтері бар. Қорымның орталығына орналасқан 2 күмбезді көрхананың (19—20 ғ-лар), 2 күмбезді сағанатамның (20 ғ.) архитектуралық-көркемдік маңызы зор. Әктас плиталары мен блоктарынан дәстүрлі тәсілдерді қолдана отырып, ерекше пропорциямен өте сапалы қаланған. Сонысымен де бұл ескерткіштер құрылыс ансамблінде оқшау көрінеді. Бірінші көрхананың тік бұрышты негізгі көлем аумағының төбесі сүмбіленіп, дулыға тәрізді қырлы күмбезбен біткен. Оның қабырғалары шолпы іспетті сәнді әшекейлермен безендірілген. Сондықтан да басқа көрханалардан нәзік те салтанатты. Екінші көрхана басқаша салынған: тікбұрышты көлемінің үстіне биік барабан (мойындық) орнатылған; Оңтүстік-батыс Азияның діни құрылыстары — сұбырғандар пішіндес бітімі күрделі, сатыланған шатырлы күмбезбен көмкерілген. Күмбезді көрханалар, сағанатамдар мен шағын құлпытастар жергілікті дәстүр бойынша және белгілі бір техникалық нұсқалармен ойылып, соңынан табиғи бояулармен өрнектелген. Ою-өрнектердің нұсқасы көгеріс өрнек мотивіне, зооморфтық, геометриялық, космологиялық, тұрмыстық, т.б. тақырыптарға құрылған.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref> <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}