Бекмырза Қайыпұлы Еламанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:39, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бекмырза Қайыпұлы Еламанов (1 қаңтар, 1950 жыл, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қорқыт стансасы) - Қармақшы ауданының әкімі (1995-2001), Жаңақорған ауданының әкімі (2008 жылдан бері).

Өмірбаяны

  • Әкесі - Еламанов Қайып, теміржолшы болған. Анасы - Еламанова Зағи, үй шаруасымен айналысқан.
  • Алматы мал дәрігерлік институтының зоотехника факультетін (1974) ғалым-зоотехник мамандығы бойынша;
  • Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар институтының экономика факультетін (2000) экономист мамандығы бойынша бітірген.
  • 1966-1969 жылдары - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жусалы кентіндегі №149 АКТУ слесары.
  • 1974 жылдан - Қармақшы ұжымшаралық бордақылау алаңшасының зоотехнигі, бас зоотехнигі.
  • 1976 жылдан - Қармақшы аудандық ауылшарбірлестігінің бригадирі, бас зоотехнигі.
  • 1981 жылдан - Қармақшы ауданының «III Интернационал» ұжымшары бордақылау алаңының бригадирі.
  • 1983 жылдан - Қазақстан Компартиясының Қармақшы аудандық комитетінің нұсқаушысы.
  • 1984 жылдан - «III Интернационал» ұжымшарының Қармақшы комитетінің хатшысы.
  • 1987 жылдан - Қармақшы аудандық «Қуаңдария» кеңшарының директоры.
  • 1990-1992 жылдары - Қармақшы аудандық Халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 1994 жылдан - «III Интернационал» ұжымшарының төрағасы.
  • 1995 жылдан - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі.
  • 2001 жылдан - «Шапағат Лимитед» ЖШС директоры.
  • 2004 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
  • 2008 жылдың тамызынан - Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
  • 2008 жылдың қарашасынан бері - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі.

Атақтары мен шендері

Әскери атағы - запастағы подполковник.

Марапаттары

  • «Құрмет» (2007) ордені;
  • «Астана» (2001),
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі.

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Еламанова Венера Әбілқасымқызы, зейнеткер.
  • Ұлдары - Еламанов Жаңалық Бекмырзаұлы, Еламанов Жасұлан Бекмырзаұлы, Еламанов Нұрлан Бекмырзаұлы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub