Беккерель Антуан Анри

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:17, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Ғалым Антуан Анри Беккерель Үлгі:Lang-fr (15.12.1852-25.08.1908) - француз химигі, Париж ҒА мүшесі (1889 жылдан бастап). 1872 жылы Парижде политехникалық мектепті бітірген. 1876-1908 жылдары сонда жұмыс істеген (1895 жылдан бастап профессор болған), сонымен қатар 1892 жылдан бастап Жаратылыстану музейінде профессор болған.
Негізгі еңбектері люминесценция құбылысы мен радиоактивтілікті зерттеуге арналған. 1898 жылы М.Кюри радиоактивтілік деп атаған металдық уран және уранның өздігінен сәулелену құбылысы нәтижесінде табиғаты ерекше сәулелерді бөлуін ашып, зерттеген.
П.Кюриден тәуелсіз, бөлек радиоактивтілік сәулеленудің физиологиялық әсерін айқындаған. Магнетизмді, жарықтың поляризациясын зерттеген. Газдарда Фарадей эффектісін ашқан (газды ортаның магнитті өрісінде жарықтың поляризация жарығының айналуы). Бірқатар ғылыми академиялар мен ғылыми қоғамдарға мүше. Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1903ж.)<ref>С.К.Мырзалиева "Химия" (Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық Алматы 2012ж.)</ref>.

Дереккөздер

<references/>