Бекжасар Нәрібайұлы Нарбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:03, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Бекжасар Нәрібайұлы Нарбаев (1.1.1943 жылы, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бектөбе ауылында туған) – саясаттану ғылымдарының докторы (2006), профессор (2008). КСРО Білім беру ісінің үздігі (1984). ҚазМУ-ды (1968, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) және Ленинград (Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1971) бітірген. ҚазМУ-да оқытушы, доцент (1971–86), Қазақ КСР-і Сауда өнеркәсіптік палатасы төрағасының орынбасары (1986–87), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) доцент, кафедра меңгерушісі (1987–92), ҚР-ның Түркия мемлекетіндегі елшілігінде 1-хатшы, кеңесші (1992–96), ҚР Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында Бас басқарма басшысының орынбасары, басшысы, Департамент директоры (1997–99), Сыртқы істер вице-министрі, ҚР-ның Пәкстан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (1999–2003), Халықаралық экономика ынтымақтастық ұйымының Бас хатшыы (2003–04), ҚР Сыртқы істер минстрлігінің орталық аппаратында Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2004–05), Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі (2005–06), Қазақ ұлттық аграрлық университеті ректорының халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесшісі (2007–08) қызметтерін атқарды. 2008 жылдан халықаралық байланыс жөніндегі проректор.<ref name="Source 8">Внешняя политика Пакистана в контексте обеспечения региональной и глобальной безопасности (политологический анализ)</ref> «Внешняя политика Пакистана в контексте обеспечения региональной и глобальной безопасности (политологический анализ)» тақырыбында докторантуралық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланым мен 5 монографияның авторы.<ref name="Source 2">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бекжасар Нәрібайұлы Нарбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}