Бекбосын Сиқымбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекбосын Сиқымбаев (1870-1959) - шахтер, Қарағанды құрылысының алғашқы екпінділерінің бірі, КСРО-ның кұрметті шахтері (1947).

Өмірбаяны

  • Қарағанды шахталарында 1886 жылдан шанашы, ат айдаушы болып істеді.
  • Қарағанды көмір кеніндегі шахтерлер ереуілін ұйымдастырышулардың бірі (1903).
  • 1916 ж. патша самодержавасына қарсы Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушы.
  • 1917-1931 ж. Екібастұздың көмір шахталарында жұмыс істеді.
  • 1931-1934 ж. Қарағандының № 12 шахтасында қайлашы.
  • 1934-1939 ж. № 31 шахтада тіреуші.
  • Ұлы Отан соғысы басталғанда өз еркімен шахтаға оралды. 1941-1948 ж. тіреуші.
  • 1949-1959 ж. № 31 динамит қоймасында күзетші.

Марапаттары

  • 2 мәрте Ленин орденімен марапатталған.

Есте қалдыру

  • І. Манкиннің «Бекбосын » атты поэмасы Сиқымбаевтың еңбек және революция қызметіне арналған.
  • Сиқымбаев құрметіне Қарағандыда көше аталады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}