Бекбосын Домбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекбосын Домбайұлы (18481889) — Қаракерей-Семіз найман елінен шыққан белгілі би болған.


Өз заманында Алшынбай, Құнанбай сынды билермен дәм-тұздас, дастар-қандас, сұхбаттас болған. Белгілі ақын Дулат Бабатайұлымен, қу дауысты Құттыбай бимен, Абаймен де кездесіп, әңгіме-дүкен құрғаны туралы мәліметтер ұшырасады. Жастай дүниеден қайтқан Бекбосын бидің зираты Таскескен ауданы Б. Әбжанов атындағы «Қарақол» кеңшарының орталығында жатыр.


Бекбосын би Домбайұлынан тараған ұрпақ Семей, Талдықорған облыстарының (қазіргі Алматы облысы) Үшарал, Үйгентас, Үржар, Аягөз, Таскескен аудандарында тұрады.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}