Бейсенбі Дөненбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бейсенбі Дөненбайұлы (1408-1410 жылдар шамасында туып, 1497 жылы қайтыс болған). "Сегіз қырлы, бір сырлы" би әрі күйші. Онын туып өскен, өмір сүрген жері Қытай Халық Республикасындағы Алтай аймағы, Буыршын ауданы.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Бейсенбі би өмірбаяны

Бейсенбі бидің туған, дүниеден қайтқан жылдары ертедегі Уақ тайпасынан шыққан Ер Көкше батыр мен Жанат, найманның биі Маман шешеннің өмір шежіресі арқылы анықталды.

Қазақ Совет Энциклопедиясында<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы 4-том, 162-бет</ref> Ер Көкше батырды XIV ғасырдың соңы, XV ғасырдың басында өмір сүрген батыр деп көрсетілген. Ер Көкшені Шоқан Уөлиханов 1423 жылы өлген деп жазады. "Ер Көкше", "Ер Қосай" жыр-аңыздарында ежелгі Уак, Абақ елдері арасында "Көкбестінің дауы" деген жүйрік түлпар жайында дау шығып, оған Маман би қасына 13 жасар Бейсенбі деген өлі елге таныла қоймаған бала биді ертіп барады. Маман би Уақтың биі, әрі батыры Ер Көкшеге Бейсенбіні "тізгін ұстр" шөкіртім деп таныстырады. Бұл кезде Ер Көкшенің жасы 97-ге жетіп қартайып қалган кезі екен. Сонда Шоқанның жазуына қараганда 1423 жылы өлген Ер Көкшеге қайтыс боларынан 1-2 жыл бұрын кездесіп "Көкбесті" дауына билік айтқан 13 жасар Бейсенбінің туған жылы 1408-1410 жылдар шамасы болады.

Бейсенбі кезінде сөз иесі шешен, ел иесі әділ би, күй иесі домбырашы, қайрат иесі батыр, құс иесі құсбегі, сергек ойлы азамат болған.

Бейсенбі жас кезінде бүкіл Жанат руының (Абак, Керей) ортаға шығар қосбасшысы болған. Сол кезден бастап моңғол-қазақ ортасындағы дау-шарды бітіріп, екі ұлт арасына таныла бастаған. Жаугершілік заман мен даугершілік өмір Бейсенбіні әр жақтан сынға салады. Жанат елінін он мыңдаған жылқысы мен қаптаған қосына иелік етіп, кедей-кепшікке қолының ашықтығымен мырза атанған. Бейсенбі би 88-ге қараған жасында дүниеден қайтқан.

Бейсенбі күйінің көбі аттың жүрісі мен аңның аттарына байланысты болып келеді.

Бейсенбінің "Кеңес" күйінің бірнеше түрі бар. Өйткені Бейсенбі Керейдің төрт биінің бірі болып сайланғаннан кейін кеңесті күймен бастайтын болған. Шежірешілердің айтуына қараганда "Кеңесте" талқыға түсіп, шешім етілетін істің мән-жайын күй сарынмен кеңес басталғанша толғап отырады екен.

Бейсенбі би жайлы аңыздар

Бейсенбі би жайлы аңыз

Бейсенбінің "Жеңілдім" күйінің шығу тарихы былай баяндалады. Бейсенбімен замандас Жайыр деген азамат Қобықгы жайлап жүрген жылқыларының біріне мініп Ертістен өтіп Қаба, Буыршын елдерін аралапты. Жігерлі жігіт ел аралағыш болады, өрнені білгіш болады. Сөйлей-сөйлей шешен, көре-көре көсем болады дегендей жалыны жарқылдап, талабы тасқындап өскен жас Жайыр Қаба елін аралап жүріп бір байдың үйіне түсіпті. Байдың қонақжай әйелі күтіп алса керек. Ән шырқап, күй тартып, күймен көлемді жинап, отыратын жерін өлең-жырмен сейілдетіп, ел жүрегін жадыратып, қауымның қонақжай меймандостығына бөленіпті. Ауылға аялдап қалған қонақ жігіттен күдіктеніп, ел жігітгері "Салт" жүрген ұры деген сылтаумен ұстап, аяғына кісен салып қояды. Бір күні Жайыр кісенді үзіп, ауыл шетінен бір көлік тауып мініп (тұғыр ат) түнделетіп жөнеледі. Күн түндігін жауып, айналаны қараңғылық қымтап, көңілі ортайып, бір белден аса бергенде, екі-үш отаудың үстінен шығады. Ат басын тежеп тесіле қарайды.

Қотанды ауыл. Ақ орда, керме толы сандақ қатарынан сап түзеп тұр екен. Жайырдың аңсары ауады. Бірін мініп, бірін қосағына алып кетуге ыңғайланып, тықырын сездірмей ауылға аяңцайды. Жұлдыз жамбасқа аунап, таң шапағы білінер кез болса да, орда ұйқыға жатпаған екен. Үйге жақындаған сайын айқын естілген күй сарыны күздің ұзақ сары таңына дейін үзілмегенін сезеді. Демін ішінен алып келе жатқан Жайыр күйдің құдіретті сазынан шыға алмай қалады. Ауылға іліне күйге дендей құлақ түреді. Төңкеріле толқып, баяулатып, кейде күреңітіп, пернені бебеулете шыгып жатқан күйдің тылсым сарынына сүйінеді. Кейбірі өзі шертіп жүрген таныс күй, енді бірі естіген күйлері, ал қайсыбірі жаңа тың сарын сияқты. Күй сазына елтіп отырған жігітті ауыл күзетшілері байқап қалып, ту сыртынан бассалып, түн қатып жүрген ұры-қары екен деп ұстап алыпты.

Күн төбеден ауа дастарқан жиналып, сапырылған қымызга қанған үлкендер тысқа шыққанда:

- Бізге жауап бермеді. Бидің өзіне апарыңцар, жауапты орда иесінің өзіне ғана берем деп өтініп отыр, - деп Бейсенбіге ұсталған "ұры" жайлы хабар тиеді. Бейсенбі: "Қалайда көп талқысын көрген қайсардың бірі ғой" деп ойлайды.

- Сен кімсің? - дейді бір ділмөр ажырая, кім екенін тез біле қойғысы келіп.

- Бидің алдына алып барыңдар, - дедім гой!

- Көптің алды талқы, бидің алды тез. "Сөз шынына, пышақ қынына тоқтайды". Ауылға не үшін келдің? Орданыц түбінде не себепті тың тыңдап отырдың? - деп сұрайды тағы бірі.

Би көбіне шешендерін сөйлетіп, өзі тыңдаушы болып, жауапкердің ішкі дүниесінен сыр тартып, сынап отырады екен. Сол әдетімен Бейсенбі домбырасын сыңар ішекпен дыңғырлатып толғаумен отыра береді.

- Жер көріп, ел тану азаматтың міндеті, атамыздың салты. Сол ата мұра ауылдарыңыздың ортасына Қобықты жақтан келіп танысып жүр едім, - деп бастайды "ұры" сөзін. Ол жүрген жолы мен қонған ауылына дейін қалдырмай тізіп айтады. Бейсенбі мұның сөзін ден қоя тыңдап: "Ұры" болса да қотандағы қойдың ірге жауы емес, алыстан аңсайтын арыстың азаматының бірі ғой" деп ойлады. "Бұл ауылға қалай келдің?" деген сұраққа Жайыр болған, басынан кешкен жайды баяндайды.

- Қашып жүрген адамда күй бола ма, байдың аулы маңынан тауып мінгенім қойшының тұғыр торысы еді. Бір жүйрікті тақымға басып ырғытып жөнелсем деп армандап келе жатқанда, осы ауылдың үстінен шықтым. Кермедегі саңлақтарды көріп, бірін мініп, бірін қосарға алып кетпекші едім, амал қанша, - деп тоқтайды.

- Мен кермеге жақындаганда күйге елтіп тұрғандай жусаған аттардың маган құлақ тіккені болмады, мен де сол күй сарынына азырақ құлақ қойып тыңдадым. Күй мені іргеге тарта берді. Өнерге өуестіктің азаматқа пайдасы да, зияны да болады ғой. Бүгін жақсылардың алдында "ұры" атанып отырғаным да осы күй құмарлығымнан еді, - деп тынады.

- Атың кім? - деді Бейсенбі сөзге кірісіп, өз атын білетін күйшілердің бірі болар ма деген жылы шыраймен.

- Атым Жайыр.

Бейсенбі Жайырға ойлы көзбен қарайды. Әзімдей күйші болып шығады демесе де, "Күй кұмарлығымнан ұры атанып отырмын" деген сөзін еске алып, қолындағы домбырасын ұсынады. Жайыр домбыраның құлақ күйін келтіріп алып, түнде өзі тыңдаған сарынын тыңдаушының құлақ құрышын қандырта отырып орындайды да домбыраны иесіне ұсынады.

- Би-еке, қажыған ой; байланған қолдың домбыра пернесін қате басқаны болса кешіресіз, мені өзіне баурап әкеткен, жіпсіз байлап алған осы күй болатын. Шоқпардан жығылып қолды болғаным жоқ. Айыбым атқа мініп, қашып құтылу еді. Күйге құмарлығым халық алдында жауап бергізіп отыр. Би алдында сөйлеймін деп, түнімен жауап бермегенім де осы жайым болатын, - дейді.

Бейсенбі Жайыр деген күйші бар деп бұрын естімеген. Қазіргі сәтте Жайырдың істеген ісі мен сөзіне ой толғап құмарлығы мен адамшылығы Бейсенбіні екі ұшты ойға қалдырды. Өтірікші алдакестің бірі ме, бұл күйді бұрын біле ме, қалай тез үйреніп алған. Осындай алғыр болса, халқының шоқтығы биігінің бірі болар, сынап көрейін деген ойға тиянақтап, Бейсенбі Жайырды қатарға отырғызып күтсе керек. Жайыр екеуі күймен айтысыпты. Бірінің шерткен күйін бірі шертпей жаңадан бастап бір түн күй айтысқа түсіп бірін-бірі жеңісе алмапты. Бір кезде Жайыр пернені қолымен басып, үлкен башпаймен бір күй шертіп, домбыраны Бейсенбіге ұсынып:

- Қол шеберлігіңці байқадық. Енді башпаймен шертіп жарысқа түссек қайтеді, - депті.

Сонда домбыраны бұрын башпаймен шертіп әдеттен бегендіктен, Бейсенбі "Жеңілдім" деген күйін сол жерде шертіп, жауап қайырса керек. Бидің бір күйінің тарихы осылай баяндалады. Бейсенбі Жайырды күтіп, ат мінгізіп, шапан жауып құрметтеп, халықтың қалаулы азаматы деп таниды.

Бейсенбі би жайлы аңыз

"Тентектің басқаны тоғыз, мінезі егіз". Әділеті жоқ өктем күш шырмап жатқан заманда елі үшін егеске түскен нар ұлдары болған. Солардың бірі Жайыр. Егескен жерінен есе қайырмай қоймайтын осы бір жолы Қобықты басып жатқан қытай уандары мен монгол Күздейлері қырына Жайыр да ілініп қалады. Бір айғыр үйірі жоғалып кеткен Күздей жылқысын Жайырдан көріп, ұстап алып ұры п қинап дүрелеумен еріксіз алдым дегізеді. Иең кім десе "Бейсенбі" дейді. Жайырда көп жылқы мен айып төлейтін мал жоқ. Сондықтан Жайырды алға салып, Бейсенбінің алдына кесім айтқызып, төлетіп алуға келеді. Бейсенбі Күздейдің алдында ұры дан жауап алудан бұрын домбыраны алып күйлейді. Жайыр домбыра шанағынан төгілген "Тансаң шы, қайсар тансаңшы" деген күмбірді тап басады. Бейсенбі күйдің тілін ұқтың ба дегендей, әуендеп тұрған күйдің өредігінде Жайырға көз киығын тастаган екен. Жайыр ұзын қара мұртының шалғысын қайыра салып, сақалын салалап, кеудесін кере түсіпті. Күй тілін қалтқысыз ұққанына көзі жеткен би Күздейдің алдында ұры дан мықтап жауап алады. Жайыр жылқыны алмағанын, Күздейдің жолсыздықпен байлап сабаганына шыдамай алдым деп, еріксіз мойындағанып айтып, би алдында Күздейге есе бермепті.

Бейсенбінің "Тансаңшы" деген күйі осылай туыпты. Қазір кейбір күйшілеріміздің күй тарихымен таныстығы болмағандықтан "Таңсамал" деген атпен орындап жүр.

Бейсенбі жасаған өмір кезеңі Абақ елінің іргесін Алтай алқабына біржола тұрақтандырған кез еді. Бұл жау шапты дейтін үрейлі өмірден арылып, қазақтардың еркіндей бастаған жылдары саналады. Осы қалың қауым ортасында өз өнерімен танылып, әділдігімен көзге түсіп, шешендігімен ел аузына іліккен Бейсенбінің дәуірлеген тұсы еді. Оның айтқан биліктері халық арасында кең тараған.

Ер Көкше би қартайған шагында "артыма дау қалдырмай бітіріп, сөз қалдырмай тындырып кетемін" деп, армандап жүрген кезінде "Көкбесті" дауы ушыққан екен. Дауга іліккен Көкбесті Абақ елініңерен жүйрігі болып, бөйге бермеген соң Уақ қастандықпен өлтірсе керек.

- Көрінің сөзі тәтті, ісі сәтті, жастың жалыны қатты" деген. Жас биім, билігіңді сен айтшы? - деп, билікті Абақ елінің ортасына сөйледі. Соны мен, Бейсенбі екі арыстың ортасында тұңгыш рет билік құрды.

<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бейсенбі Дөненбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}