Бейсенбай қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бейсенбай қорымы - 19 ғасырдың аяғынан сақталған архитектуралық ескерткіш. Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласынан 25 км жерде. 1978 жылы Қазақстан қалпына келтіру және жобалау мекемесінің экспедициясы зерттеген. Қорым ірі құрылыстар (көрхана, сағанатам, төртқұлақ қоршау) мен шағын архитектуралық белгі тастардан (көктас, құлпытас, т.б.) тұрады. Мазарлардың көпшілігінің бұрыштары биіктетіле қаланған, ақ түсті, өрнек бедерлері жақсы сақталған сағанатамдар. Түрлі геометриялық пішіндегі құлпытастар мен қойтас-тар ерекше жасалған. Қойтастар ескерткіштің жалпақ тұғыр тасына орнатылған. Бұларды жалпақ оюлармен бедерлеп, кей жерлерінде кескіндерді бояп безендірген. Қару-жарақ түрлері, араб әрпімен қазақ тілінде арнау-бағыштаулар қашалып түсірілген. Бейсенбай қорымындағы жеке ескерткіштер пішінінің (есіксіз сағанатамдар, тұғыр түріндегі қойтас, т.б.) өзгешелігімен ерекшеленеді. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}