Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бейбіт Ермекұлы Мұстафин"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы
Бейбіт Ермекұлы Мұстафин - (1961 жыл 18 қаңтар Қарағанды қаласы) - кескіндемеші, мүсінші.
Әкесі - Мұстафин Ермек, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды Қазақ драма театрының актері. Анасы - Мұстафина Күләш Ақышқызы, мейрамхананың аспаз-кулинары.
- Жезқазған педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетін бітірген (1983).
- Көркемөнер академиясының мүшесі-корреспонденті.
- Өзінің кескіндемелік шығармаларында ата-бабалардың рухани мұрасының тақырыбын ашады. Сәндік және монументалды пластикамен айналысады.
- Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында, Павлодар, Қарағанды қалаларында, Швейцария, Германия, Чехия, Канада, АҚШ, Ресей, Түркияның және т.б. жеке коллекцияларында сақталуда.
- Халықаралық, шетелдік, республикалық, облыстық көрмелердің, халықаралық симпозиумдардың қатысушысы (1985 жылдан).
- 1983 жылдан - Жезқазған педагогикалық институтының оқытушысы. 1988 жылдан - Қарағанды көркемсурет және өндірістік шеберханалардың суретшісі. 1992 жылдан - Жезқазған педагогикалық институтының оқытушысы. 1994 жылдан Қарағанды педагогикалық институтының, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі.
- Бүгінгі күні - ҚР Суретшілер одағының Қарағанды облыстық ұйымының бас суретшісі.
- ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
- Мәдениет қайраткері (2004).
- Діни көзқарасы - діндар.
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу».
- Хоббиі - боулинг, аңшылық, балық аулау.
- Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, I. Есенберлин, А.С. Пушкин.
- Бойдақ. Ұлы - Мұстафин Дархан Бейбітұлы (1984 жылы туған), мұнай-газ өнеркәсібінің маманы; Қызы - Мұстафина Айжан Бейбітқызы (1985 жылы тұған), дизайнер, модельер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}