Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
08:44, 2017 ж. ақпанның 10 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов (19 мамыр 1964 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы) - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, экономика ғылымдарының кандидаты.
Білімі
- 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.
- 2000 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы универститетін бітірген,
Қызмет жолы
- 1985 жылдан - Норильск тау-кен-металлургиялық комбинатының мыс балқыту зауытының балқытушысы.
- 1986 жылдан - Шымкент мырыш зауытының балқытушысы, аға шебері, жетекші инженері, бөлім бастығының орынбасары.
- 1991-2006 жылдары - жеке секторда, өнеркәсіптік кәсіпорын басшылығында жұмыс істеді.
- 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде кеңесші, кеңесші-елші.
- 2007 жылдан - Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігінде кеңесші-елші
- 2008 жылдан - Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулы.
- 2010 жылдан - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы, Индонезиядағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппиндегі Төтенше және өкілетті елшісі.
- 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы.
- 2014 жылдан - Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы.
- 2015 жылдың 8 тамызынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.<ref>Акимом ЮКО назначен Бейбут Атамкулов</ref>
Марапаттары
- Астанаға 10 жыл медалі
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
Дереккөздер
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}