Бегімше Бексұлтанұлы Жүзенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:03, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бегімше Бексұлтанұлы Жүзенов (12 мамыр, 1949 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы, Чапаев атындағы кеңшар) - Кентау қаласының әкімі (2001-2003), Техника ғылымдарының кандидаты (1990).

Өмірбаяны

  • Ташкент автомобиль-жол институтын бітірген (1975), инженер-механик.
  • 1966 жылдан - Шымкент облысы Шардара ауданының Т. Бигелдинов атындағы ОМ электрслесарі.
  • 1968 жылдан - Ташкент автомобиль-жол институтының студенті.
  • 1973 жылдан - Ташкент тәжірибелік жобалау аймақтық ғылыми зерттеу институтының инженер-механигі.
  • 1976 жылдан- №2 Шымкент автокомбинаты гаражының бастығы.
  • 1979 - 1981 жылдары - №1 Шымкент автокөлік кәсіпорнының бас инженері.
  • 1982 жылдың наурызынан - №2 Шымкент автокомбинатының бас инженері.
  • 1982 жылдың желтоқсанынан - №2580 Шымкент автоколоннасының бас инженері.
  • 1984 жылдан - №4 Шымкент автокомбинатының бастығы.
  • 1990 жылдан - «Чимкар» БК (Шымкент қ.) бас директоры.
  • 1998 жылдан - ОҚО әкімінің орынбасары.
  • 2001 жылдан - ОҚО Кентау қаласының әкімі.
  • 2003 жылдың маусымынан - ОҚО бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры.
  • 2003 жылдың қыркүйегінен - ОҚО бойынша Мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы.
  • 2005 жылдан - ОҚО бойынша ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті басқармасының бастығы.
  • 2008 жылдың мамырынан бері - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу жәнеи метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры.

Ғылыми еңбектері

Техника ғылымдарының кандидаты (1990). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы:

  • «Автомобиль көлігі қызметінің пайдалануын және экологиялық тиімділігін бағалау әдістерін зерттеу және жетілдіру».
  • «Автомобиль көлігі шығарылымын есептеу әдістемесі» (1989)
  • «Дизельдердің өндірілген газдарының канцерогенділігіне отынның фракциондық құрамының тигізетін әcepi» (1989)
  • «Автокөлік кәсіпорындарының тасымалдау мүмкіндіктерінің қалыптасу заңдылықтары және оларды зерттеу әдістері» (1989)
  • «Автокөлік кәсіпорындарының тасымалдау мүмкіндіктері және оларды зерттеу әдістері» (1989)
  • «Автомобиль автокөлігіне толассыз есеп айырысуды енгізу үшін әдістемелік ұсынымдар» (1987) еңбектерінің авторы.
  • «Қысқы уақытта түрақтау аймағында күш агрегатының температуралық режимін сақтауға арналған құрылғы» өнертабысының (1988) иегері.

Жетістіктері

  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
  • Кентау қаласының құрметті азаматы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub