Бақыт Ғафуұлы Қайырбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:01, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox President Бақыт Қайырбеков - 1953 жылы 23 ақпанда Алматыда туған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

1970 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет инcтитутында оқыған. «Жазушы» баспасында, «Советский Казахстан сегодня», «Қазақфильм» киностудиясында, көркем және телевизиялық шығармашылық бірлестігінде, Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің репертуар-редакциялық алқасында,« Қазақтелефильмде », Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының баспа орталығында жауапты қызметтер атқарған.

1979-1982 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында аспирант, 1987-1989 жылдары КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлер жоғарғы курсының тыңдаушысы болған. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында, репертуарлық-редакциялық коллегияда, ақпараттық-баспасөздік орталықта, «Гала ТВ» киностудиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокомплексінде қызмет еткен. Қазір Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаздық етуде. «Ғафу» студиясының режиссеры.

Отызға таяу фильмдердің жасалуына ат салысқан. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жөнінде деректі үш фильмі телевизиядан көрсетілді. Асан Қайғы, Бұқар, Ақтамберді жыраулардың, Шәкәрімнің өлеңдерін, С.Мұратбеков, А.Сейдімбеков, Қ.Салғарин, Т.Жұртбаев, Ғ.Қайырбеков, Т.Молдағалиев, Т.Абдырахманұлы, О.Асқар, Е.Раушановтың шығармаларын орыс тілше аударған. Тегерандағы (Иран), Дьердегі (Венгрия), Штутгарттегі (Германия) халықаралық кино-фестивальдерге қатысқан. Мәскеуде ТМД елдері I Халықаралық теле-форумының дипломанты болған. Өлеңдерін орыс тілінде жазады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мерекелік медальмен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Махамбет Өтемісов атындағы сыйлықтың лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары

  • Осенный диалог. Стихи. А., «Жалын», 1978;
  • Глаголь жить. Стихи. А., «Жазушы», 1982;
  • За живою водой. Стихи.А., «Жазушы», 1986;
  • Менің үйім. Өлеңдер. А., «Жалын», 1987;
  • За решеткой строк. Стихи. А.,»Согласие», 1998;
  • Избранное. В двух томах. 1998;
  • Дневник. «Интерпринт», 2003;
  • Биография алмаатинца. 2005.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}