Бақыт Ғабдуллин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:57, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бақыт Ғабдуллин (1923 жылы т.) - философия ғылымдарының кандидаты (1960), доцент.

Ғылыми еңбектері

  • 1950 жылдардан бастап Абайдың философиялық, әлеуметтік, адамгершілік, этика, таным-толғамдары, дінге көзқарасы мәселелерін зерттеумен айналысып, оннан астам ғылыми мақала жариялады.
  • «Абайдың Сократтың этикалық көзқарасына сыны туралы бірер сөз» («Научные доклады высшей школы». Философские науки. 1960, № 2).
  • «Абай және Сократ» (Абай тағлымы, А., 1986).
  • «Абайдың Сократ шығармаларымен таныстығы туралы» (Қазақстан мектебі, 1960, № 1).
  • «Абайдың дін туралы түсініктері» («Қазақстан коммунисі», 1960, № 8) т. б. мақалаларында ақынның дінге көзқарасына жан-жақты талдау жасап, тәңірі мен адамның арақатысы, иман туралы ақын тұжырымдарын ашып көрсетті, оның көне заман философы Сократпен ақыл, білім туралы ортақ ойларын салыстыра зерттеді.
  • «Абайдың этикалық көзқарасы» (1970)
  • «Шоқан, Ыбырай және Абай дін туралы» (1988) деген арнаулы монографиялық зерттеулерін шығарды.
  • 1960 ж. ақынның этикалық көзқарасы тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}