Бақытжан Момышұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:10, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы

Бақытжан Момышұлы (3 қазан, 1941 жыл, Алматы - 9 желтоқсан, 2012 жыл, Алматы) - жазушы, аудармашы, Бауыржан Момышұлының ұлы. Некрасов атындағы N910 орыс орта мектебін, шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. Жамбыл облысының Жуалы аудандық газетінде тілші, Жамбыл облыстық газетінде аудармашы, «Ленинская смена» газетінде редактор болып істеген.

Еңбек жолы

Шығармашылық жолын аудармашылықтан бастаған. Ш.Мұртазаевтың «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай» повестерін, Ж.Молдағалиевтің, Д.Досжановтың, О.Бөкеевтің, Қ.Найманбаевтың, Б.Бодаубаевтың, Б.Тоғысбаевтың, Ш.Шаваевтың, М.Айымбетовтың, К.Тоқаевтың, т.б. жазушылардың шығармаларын аударды.

Бірнеше әңгіме, повесть, романдар жинақтары шықты. Орыс тілінде жазады. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Бірнеше медальдармен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Еңбектері

  • Добрые мосты. Рассказы. «Жазушы», 1972;
  • Раскаленные камин. Повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1974;
  • Прозрачные льдины. Повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1976;
  • Тихие голоса. Повесть, рассказы. А., «Жалын», 1978;
  • Я еще ребенок. Повесть, рассказы. А., «Жалын», 1982;
  • Когда ты рядом. Роман. «Жалын», 1983;
  • Мен әлі сәбимін. Повесть, әңгімелер. А., «Жалын», 1984;
  • Восхождение к отцу. Романэссе. «Жалын», 1986;
  • ДетиВеликаны.А., «Гылым», 1988;
  • Жанымның жарық жүлдызы. Роман. А., «Жазушы», 1990;
  • Во имя отца. 1 книга. 1991; Звезда брата. 1992;
  • Турксиб земля полководца. 1994;
  • Во имя отца. 2 книга; Сыновья Великого Волка. А., «Өлке», 2004;
  • В поиске света. А., «Өнер», 2004;
  • Путь Огненного Орла. А., «Өнер», 2005;
  • Сердце Волка. А., «Арыс», 2005;
  • Орда алая и Мечеть белая. «Альянс, 2006»;
  • Преломление Света. 2008.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>