Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:08, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Ізмұхамбетов, Бақтықожа Салахитдинұлы (1 қыркүйек 1948, Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі Төрағасы (наурыз 2016).

Білімі

  • Уфа мұнай институтын кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1971).
  • Техника ғылымдарының докторы (1998).
  • Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2003).
  • 5 монографияның, 4 ғылыми есеп берудің, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Өнертабысқа 4 авторлық куәлігі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Биографиясы

Қоғамдық қызметі

Гурьев облысының Балықшы аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1989-1991).

Марапаттары

  • «Құрмет» (1999),
  • II дәрежелі «Барыс»,
  • I дәрежелі Ұлы Петр (РФ, 2006),
  • «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина Республикасы, 2008) ордендерімен марапатталған .
  • Йемен ХДР-дағы КСРО елшілігінің Алтын кітабына енгізілген (1986).
  • Уфа мұнай институты Алтын белгісінің жүлдегері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Отбасы

Әкесі - Ізмұхамбетов Салахатдин, мұғалім болған. Анасы - Қалиева Әсима, зейнеткер. Үйленген, екі баласы, үш немересі бар.

Дереккөздер

<references/>