Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов.JPG
Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов

Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов

1945 жылы 21 қыркүйекте Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Дерментөбе стансасында туған. Қазақ

Әкесі - Досманбетов Сәрсен (1908-1975), бағытшы болып жұмыс істеген. Анасы - Досманбетова Үрімкүл (1915-1994).

С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу басқару институтының құрылыс және қала шаруашылығы факультетін бітірген (1971), инженер-экономист.

Экономика ғылымдарының докторы (1994). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның демографиялық және еңбек әлеуеттілігін статистикалық тұрғыдан бағалаудың әдіснамасы». Профессор (1992). Қызылордадағы «Болашақ» университетінің (1995), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің (1992), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (1999) профессоры. ҚР Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі (1995). Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (1996). ҚР Инженерлік академиясының мүшесі-корреспонденті (1999). Ресей Жаратылыстану академиясының академигі.

Орыс, қазақжәне ағылшын тілдерін біледі.

9 монографияның және оқу құралының; 60 жарияланымның, соның ішінде «Бизнес пен маркетингтің негіздері» (1991), «Қазақстан тұрғындарының статистикасы» (1993), «Қазақстан халқының дамуы» (1993), «Қазақстанның халқы» (1994), «Қазақстандағы еңбек нарығы» (1995), «Аймақтың экономикасын басқару» (1999), «Сүйем сені, Сыр елі» (2005) атты еңбектерінің авторы.

КОКП мүшесі (1967-1990).

1962 жылдан - темір жолда жұмысшы. 1963 жылдан -Мәскеу басқару институтында оқыған, соның ішінде 1964-1967 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте, Минск қаласы, Бөлімнің комсомол комитетінің хатшысы болған. 1971 жылдан - «Күрішкеңшарқұрылыс» тресінің жылжымалы мехколоннасының аға инженері. 1971 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы, оқытушысы. 1973 жылдан - Мәскеу басқару академиясының аспиранты. 1976 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, проректоры, ректоры. 1996 жылдан - Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры. 1996 жылдың желтоқсан айынан - Қызылорда қаласының әкімі, Арнайы экономикалық аймақтың әкімшілік кеңесінің төрағасы. 1999 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан сайланған депутаты.

2005 жылдан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы.

«Болашак» университетініңғылыми жетекшісі.

«Құрмет» орденімен (2004); «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жиырма жыл» (1965), «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - отставкадағы майор.

Діни көзқарасы - «Барлық діндерді қолдаймын».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Хоббиі - аңшылық

Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаевтың шығармалары, тарихи романдар. 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы, олардың арасында «Қазақстан халқының дамуы», «Қазақстан халқының статистикасы», «Рынок труда в Казахстане», «Население Казахстана» сияқты ғылыми еңбектері бар.

«Құрмет» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Үйленген. Жұбайы - Досманбетова Зейнегүл Рамазанқызы (1947 жылы туған), «Болашақ» университетінің директоры болып жұмыс істейді. Ұлдары - Қайрат (1970 жылы туған), Дәулет (1972жылы туған), Бауыржан (1977жылы туған); қызы - Динар (1981 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>