Бағыбек Құндақбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
08:08, 2017 ж. ақпанның 4 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Infobox Biography Бағыбек Құндақбаев (10.10.1926 жылы туған, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлутөбе ауылы - 2010) - театртанушы, аудармашы, өнертану ғылымдарының докторы (1996).
Өмірбаяны
- Ташкенттің театр-көркемсурет институтын бітірген (1955).
- Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институтының аспирантурасын (1963) бітірген.
- 1955 - 1956 жылдары Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер театрында бөлім меңгерушісі,
- 1956 - 1958 жылдары Жамбыл қаласындағы республикалық мәдени-ағарту училищесінде оқытушы, Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі болған.
- 1989 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы қызметін атқарады.
Шығармашылығы
- М.Кәрімнің "Айгүл елінде", Б.Жәкиевтің "Ертең жаңа жыл", "Бәрі де ойыннан шықты", И.Экренің "Сау басыма - сақина", "Майор Тоот және басқалар", Л.Устиновтың "Таза жүрек" пьесаларын қазақ тіліне аударған.
- Қазақтың академиялық драма театрында кырықжыл.(К.Нүрпейісовпен бірге). А., 1966;
- Режиссер және спектакль. А., 1971;
- Путь театра. А-А., 1976;
- Уакыт және театр. А., 1981;
- Заман және театр. А., 2004.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>