Баян Әнуарбекқызы Мұхитдинова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:52, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Баян Әнуарбекқызы Мұхитдинова (20.10.1943 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында туған) – химия ғылымдарының докторы (1998), профессор (1999). КСРО өнертапқышы (1979). Мәскеу мемлекеттік университетін (1965), Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтының аспирантурасын (1970) бітірген. Осы институтта кіші (1970–74), аға ғылыми қызметкер (1974–98) болып жұмыс істеген. 1999 жылдан бас ғылыми қызметкер.<ref name="Source 3">Новые полимеры с ионообменными и окислительно-восстановительными свойствами на основе азотсодержащих мономеров</ref>«Новые полимеры с ионообменными и окислительно-восстановительными свойствами на основе азотсодержащих мономеров» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. Баян Әнуарбекқызы Мұхитдинованың зерттеу жұмыстары нәтижесінде алынған ион алмастырғыштар ҚР Ұлттық ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында сынақтан өтіп, жоғары бағаланды. 300-ден астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның және 60-тан астам КСРО авторлық куәліктері мен «Өнертапқыш әйелдер» 1-халықаралық Көрмесіне (Женева, 1998) қойылған Қазақстандағы №1, «Редоксит» патентінің авторларының бірі. «Парасат» орденімен (2009) марапатталған.<ref name="Source 5">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баян Әнуарбекқызы Мұхитдинова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}