Баян Кәрібайқызы Барманқұлова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:48, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Баян Кәрібайқызы Барманқұлова 1942 жылы 22 наурызда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Барманқұлов Кәрібай Барманқұлұлы (1902-1990), қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Анасы - Жүсіпова Ғалия Ахметжанқызы (1919-1967), «Алматы» кинотеатрының тексерушісі болып жұмыс істеген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің өнер тарихы бөлімшесін бітірген (1965), өнертанушы, өнер тарихшысы.

«Үкі Әжиев» (1984), «Қазақстан акварелі» (1989), «Қазақстанның бейнелеу өнері» (1990), «Қазақстан портретіне жүз жыл» (2002), «Есімдер достастығы» (2005) кітап-альбомдарының, «Қазақстанның өнер тарихы» оқулығындағы тараудың (2006), «Марат Бекеев» (2007), «Абрашид Сыдыханов» (2007) атты кітаптардың; көптеген мақала мен жарияланымның авторы. Қазақ, орысжәне неміс (сөздікпен) тілдерін біледі. 1965 жылдан - Т. Шевченко атындағы ҚМКГ аға ғылыми қызметкері. 1967-1969 жылдары - УКСР Донецк облысының Горловка қаласындағы көркем галереяның аға ғылыми қызметкөрі. 1969 жылдан - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ этика және эстетика оқытушысы.

1976-1980 жылдары - Қазақстанның Мемлекеттік өнер муражайының «Өнер кеңесі» бөлімінің меңгерушісі.

1982-1997 жылдары - Алматы құрылыс-сәулет институтының өнер, сәулет өнері, қала құрылысы мен мәдениет тарихы оқытушысы.

1999-2005 жылдары - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық психологиясы және өнер тарихы пәндерінің оқытушысы.

2009 жылдан бері - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының жетекші ғылыми қызметкері. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Перикл, Т. Рузвельт, У. Черчилль. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жақсы болады деген үміттемін». Хоббиі - көркем көрмелердің экспозицияларын құру. Сүйіп оқитын әдебиеті - Х.Л. Борхес, Т. Манн, Р. Музель, Г. Гессе, А.П. Чехов, Ф.М.Достоевский, Н.В. Гоголь, Б. Пастернак, О.Мандельштам, А. Ахматова, Тан дәуірінің поэзиясы. Ұлдары - Вербовский Андрей (1966 жылы туған), Вербовский Иннокентий (1968 жылы туған), Вербовский Виктор (1973 жылы түған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub