Бауыржан Түйтеұлы Әбдішев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Бауыржан Түйтеұлы Әбдішев (3.06.1968, Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) - мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды облысының әкімі.
Өмірбаяны
Білімі
- 1993 ж. Қарағанды политехникалық институтын бітірген;
- 1998 ж. Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген;
- 2000 ж. - Халықаралық заң академиясының 24 сессиясының тыңдаушысы (Будапешт, Венгрия);
- 2005 ж. Ресей кеден академиясын (Мәскеу) бітірген, экономист.
Қызмет жолы
- 1987-1989 жж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген.
- 1992-1994 жж. - Қарағанды қаласы №4 автобус паркінің жетекші экономисі.
- 1994-1995 жж. - Қарағанды облысы жолаушылар көлігі басқармасы сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің жетекші инженері.
- 1995 ж. - Қарағанды облысы бойынша Кеден басқармасының жолаушылар бөлімінің инспекторы, бас инспекторы, бастығы.
- 1999 ж. - Қостанай, Қарағанды облысы бойынша Кеден басқармасы бастығының орынбасары.
- 1999-2002 жж. - ҚР МКМ Кеден комитетінде басшылық мемлекеттік қызметтер атқарды.
- 2002 ж. - Павлодар облысы бойынша Кеден басқармасының бастығы.
- 2003 ж. - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары.
- 2004 жылдан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
- 2008 жылдан - «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар мониторингі департаментінің директоры (Астана).
- 2009 жылдың маусымынан - «Нұр Отан» ХДП инновациялық комитеті төрағасының орынбасары;
- 2009 жылдың қыркүйегінен - бірінші орынбасары (Астана).
- 2010 - 2012 жылдары Қарағанды қаласының әкімі.
- 2012 - 2013 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі.
- 2013 жылдың қаңтарынан Қарағанды облысының әкімі.
Шендері
- Кеден қызметінің полковнигі.
Марапаттары
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»
- «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2005) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub