Бауыржан Ербосынұлы Исламхан
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бауыржан Исламхан (1993 жыл, 23 ақпан) - Қазақстан премьер лигасының Қайрат футбол клубы ойыншысы, шабуылшы жартылай қорғаушы, Қазақстан ұлттық құрама ойыншысы.
Исламхан «Тараз» футбол клубының қатарында 49 ойын өткізіп, 6 гол салған. Ал, 2012 жылы аяқдопшы Қазақстан ұлттық құрама қатарына алынып, 16 кездесуге қатысып 3 голдың авторы атанған. 2013 жылғы Достастық кубогында мамандар көзіне түскеннен кейін Ресей және Украина клубтары қызығып ақыры ақпанның 23-де Кубань клубымен 3 жылдық келісім жасасты.<ref>ХАВБЕК СБОРНОЙ КАЗАХСТАНА ПОПОЛНИЛ «КУБАНЬ»</ref>
Командалық мадақтамалары
- 2014 жылғы чемпионаттың қола медаль жүлдегері.
- 2015 жылғы Қазақстан чемпионы.
- 2014,2015 жылдары екі рет Қазақстан кубогын жеңіп алды.
- Қазақстан суперкубогынын финалисті 2015
Жеке мадақтамалары
- Қазақстан премьер-лигасының ең жақсы футболшысы болып сайланған 2014.
- 2016 жылы британдық телеканал BT Sport Бауыржан Исламханның голы Еуропа лигасы Уефадағы ең әдемі гол деп жариялады. BT Sport сайтында оның голы барлық 100 пайызлың 86 пайызын жинап алды.