Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:40, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков (1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Асқаралы ауылы) – филология ғылымдарының докторы, профессор.

Қазақ әдебиетінің тарихы, абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану, әдеби өлкетану мәселеріне арналған 170-тен аса ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалар мен баяндамалардың, соның ішінде 2-монография, 1-оқулық, 6-оқу құралы, 2-оқу-әдістемелік құралдың авторы.
Негізгі ғылыми енбектері:

  • «Әріп ақын» (монография, 2001),
  • «Семей өңірінің ақын-жазушылары» (арнаулы курс материалдары, 2003),
  • «Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы кезең» (оқу-әдістемелік нұсқау, 2004),
  • «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2006),
  • «Тәңірбергенұлы Ә. Шығармалары» (өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандарды құрастырушы, 2006),
  • «Ә.Тәңірбергенұлының әдеби мұрасы (оқу құралы, 2007),
  • «Абайдың әдеби ортасы» (монография, 2008),
  • «ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2008),
  • «Абайтану» (Абайдың әдеби айналасы. 1-кітап. Оқу құралы, 2010),
  • «Абайтану» (Абайдың ақындық мектебі. 2-кітап. Оқу құралы, 2010),
  • «Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиеті» (2010),
  • «Абайтану» (оқу құралы, 2012),
  • «Бұл өлең шыққан екен бірталайдан...» (2013),
  • «Алтай-Тарбағатай өңірінің сөз зергерлері»,
  • «Алаштың ақиығы ‒ Әріп қыран» (2014).

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыспен шығатын жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» (2012) оқулығы авторларының бірі.
Алған мемлекеттік сыйлықтары:

  • «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері (2009),
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2009),
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011),
  • «Моңғолия білім беру ісінің үздік қызметкері» медалінің иегері (2013).

Дереккөздер

<references/>