Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрының ғимараты.jpg
Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрының ғимараты

Батыс Қазақстан Облыстық Орыс Драма Театры (А.Н. Островский атындағы), 1859 жылы Орал қаласында ашылған. Ғимараты 1858 жылы тұрғызылған. Театр труппасы 1859 жылы күзде А.Н. Островскийдің “Кедейлік кемістік емес” атты комедиясымен шымылдық ашты. Алғашқы кезде труппада әуесқой актерлар ойнады. 1890 жылдан бастап кәсіби театрға айналды. Қазан төңкерісінен кейін театр заман талабына сәйкес қайта құрылды. Оның сахнасында орыс классикалық драматургиясы туындыларымен қатар кеңес драматургтары А.Н. Афиногеновтің, В.Н. Билль-Белоцерковскийдің, В.В. Вишневскийдің, Н.Ф. Погодиннің, К.А. Треневтің шығармалары, сондай-ақ, шет ел әдебиетінен Ф. Шиллердің “Қарақшылары”, “Зұлымдық пен махаббаты”, Лопе де Веганың “Қой бастауы”, тағы басқа туындылар қойылды. Театрда әр жылдары Қазақстанның халық әртісі Н.К. Ангаров, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі З.М. Акимова, т.б. өнер көрсетті. Режиссерлер Ресейдің еңбек сіңірген әртісі В.К. Данилов пен П.П. Поддубный қызмет етті. 1960 жылы театрға белгілі орыс драматургі А.Н. Островскийдің есімі берілді. XX ғасырдың 60-жылдарынан кейін театр сахнасында Островскийдің “Жылтырағанмен жылытпайдысы”, “Жазықсыз жапа шеккендері”, Чеховтың “Ваня ағайы” мен “Шағаласы” Н.С. Лесковтың “Мценск уезінің леди Макбеті”, А.М. Горькийдің “Васса Железновасы”, М.А. Шолоховтың “Көтерілген тыңы”, Ғ. МүсіреповтіңҚозы Көрпеш — Баян сұлуы”, С. Мұқановтың “Шоқан Уәлихановы” мен “Ботагөзі”, С. Жүнісовтің “Ажар мен ажалы”, У. Шекспирдің “Ричард ІІІ-сі”, Т. Уильямстің “Үміт трамвайы”, Б. Нушичтің “Философия докторы”, Э. де Филиппоның “Филумена Мартуроносы”, т.б. драмалық шығармалар қойылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы