Батыр Жанғызыұлы Темірәлі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:06, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Батыр Жанғызыұлы 1951 жылы 25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауылында туған. Қазақ.Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1994).

Өмірбаяны

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1988), оқытушы, орындаушы-аспапшы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. Нұр Отан ХДП мүшесі (2004 жылдан). 1972 жылдан - Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық оркестрінің домбырашысы. 1998 жылдан бері - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының домбырашысы.

Отбасы

Әкесі - Төмірәлиев Жанғызы (1911-1970), клуб меңгерушісі болған. Анасы - Әліпқалиева Мария (1921-2006), бала-бақша меңгерушісі болған.

Үйленген. Жұбайы - Темірәлиева Мырзакүл Тұяқбайқызы (1957 жылы туған), медицина орталығының аға медбикесі.

Ұлы-Темірәлиев Нұржан Батырұлы (1976 жылы туған); қызы - Темірәлиева Айгүл Батырқызы (1983 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub