Бата асы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:40, 2012 ж. тамыздың 14 кезіндегі GulzhanOmarova (Талқылауы) істеген түзету

Бата асы - өлік жөнелту ғұрпында адам қайтыс болған күні берілетін астың, яғни қонақасының бір атауы. А.Балаубаева-Голяховскаяның жазбаларына қарағанда, егер сүйек адам өлгеннен кейін екі-үш күннен кейін жерленетін болса, онда бата асы бірінші күні берілген, өйткені өлген адамның отбасының ашығуына болмайды. Жерлеуге қатысқан ер азаматтар ауылға келген соң марқұмның жақын туыс әйелдері дауыс шығарып, көріседі. Кейін ер адамдар да, әйелдер де жуынып-шайынып, дәрет алып бата асына отырады, жаназа шығарған молда марқұмға Құран бағыштайды. Бата асынан соң марқұмның жақын туыстары мен құда-жекжаттары қалып, қайтатын адамдар қаралы үй мүшелері мен марқұмның жақындарына жұбату айтады. Қайтыс болған адамды еске алу төрт-бес жылға дейін жалғасады. Бата асына келген туыс ағайындар мен құда-жекжаттар жағдайларына қарай аза малын ала келеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бата асы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}