Бас сирақ ұйту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:03, 2012 ж. тамыздың 14 кезіндегі GulzhanOmarova (Талқылауы) істеген түзету

Бас сирақ ұйту - дәстүрлі ас тағам мәдениетіндегі мал өнімдерін өңдеу, кәдеге жаратуға лайықтау тәсілі. Сойылған мал басын, сирағын жүнінен, қылшық түгінен тазарту үшін от жалынына қақтау. Ол үшін отты шақтан маздатып жағады. Басты арнайы даярланған ағаш таяққа бауыздау өңеш тұсынан түйрей шаншып алып, оттың жалынына ұстай отырып, күйген түктері мен терісінің кездік немесе ағаш жаңқасы сияқты қырлы затпен әлсін-әлсін тазартып, қайталай отқа ұстап отырады. Ал сирақтарын жанып жатқан оттың үстіне тастап, не болмаса темір істікке буын жақ терісінен түйрей шаншып жалынға қақтайды. Сирақ буынынан жоғары қаратып отқа кақтаса, сирақ түзу қалыпқа енеді. Үйтіп жатқан мезетте бастың мүйізі болған жағдайда мүйізінен, сирақтарды тұяқ қабығынан, қолаңсасы мен оның ортасындағы қылшықтарынан тазартады. Бас, сирақ біркелкі жақсы үйтілу үшін жалынға тым көп ұстап, құйқаның күйіп, жанып, яғни тілініп, айырылып кетпеуін қадағалайды. Үйткен кезде от жалыны дұрыс тимейтін тұстарының түгін отқа қыздырылған істікпен қарып арылтады. Үйтіліп болған бастың екі езуін жақ сүйекке жеткізе тіліп бастан астыңғы жақ сүйекті ажыратып алады да мұқият жуып тазартады. Басты сонымен қатар тандырға (ішіне толтыра сабан, қурай жағып) үйтетін тәсіл де бар. Үйтіліп болған соң сумен жақсылап жуып, қырып тазартылады. Үйтілген қой, ешкі сирағын балалар мен әйелдердің табағына салады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бас сирақ ұйту|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}