Барыс Әлікенұлы Жапаров
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:01, 2016 ж. желтоқсанның 24 кезіндегі Sultan-balasi (Талқылауы) істеген түзету
Барыс Әлікенұлы Жапаров (1955 шілденің 30-ы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Талдыөзек ауылы) – технология ғылымдарының докторы (1988), професор (1990).
Қысқаша өмірбаяны
- 1976 - Қазақ политехнологиялық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университеті) бітірген.
- 1976–89 ж. - осы университетте инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі;
- 1989–97 ж. - ҚР Министрлер Кеңесі жанындағы басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі, институт проректоры;
- 1997–99 - Түркиядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі;
- 1999–2000 - Түркия республикасындағы қазақ-түрік достық, қолдау және даму қоғамының төрағасы;
- 2000–01 - «NOKІA NETWORKS OY» (Финляндия) фирмасының Түркиядағы өкілдігінің кеңесшісі болды.
- 2001 жылдан - АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAІD) Орталық Азия университетінде экономика және бизнес «Білімдер желісі» жобасының атқарушы директоры және «КАЗРЕНА» ғылыми білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}