Барлыбек Сыртанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Барлыбек Сыртанов (1866 жылы бұрынғы Жетісу облысы, Қапал уезі, Арасан болысы - 26 қазан 1914 жыл) - Қоғам қайраткері.


Әкесі Сыртан халыққа беделді болған. Оған арнап Жамбыл 1881 жылы «Сыртанға» атты өлең шығарган. Сыртанов Верный ер балалар гимназиясында орта білім алып, 1886 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетіне оқуға түседі. Ол студенттік шағында сондағы жоғары оқу орындарында оқып жүрген М.Сералин, Б.Қаратаев, А.Теміров, Б.Құлманов секілді қазақ жастарымен бірлееіп, «Жерлестер» атты үйірме құруға атсалысты. Бұл үйірме мүшелері студент жастарға көмек көрсетуді ұйымдастырумен бірге саяси-әлсумсттік мәселелерді қызу талқыға салды. Университетті аяқтағаннан кейін Б.Сыртанов 1891-1894 жылдары Ташкент қаласында Түркістан генерал-губернаторының қазыналық палатасында қызмет етті.

  • 1894 жылы 29 кыркүйекте Жетісу әскери губернаторының бұйрығымен облыстық басқарманың іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Мұның артынша ерекше тапсырмалардың кіші шенеунігі қызметін атқарды. Ол Жетісу облыстық басқармасында қызмет ете жүріп, Ресей шенеуніктерінен жәбір көрген қазақ халқының өкілдеріне көмек көрсетуді өз борышы санады.
  • 1903-1907 жылдары Б.Сыртанов Ресей мен Қытай шекарасының межесін тексеру ісіне атсалысты. Патша өкіметінің орыс шаруаларының Жетісу өңіріне қоныс аударып, жергілікті халықтың мал бағуға, егін егуге жарамды жерлерін тартып алуына наразылық танытты. «Айқап» журналында қазақ халқының әлеуметтік-саяси мәселелеріне қатысты мақалалар жариялады. Сол тұстағы жергілікті халықтың мұң-мұқтажын айқындау, әрі оны шешу жолдарын қарастыру мақсатында жалпықазақ сиезін шақыру мәселесін көтерді. Оның мұндай ұсынысы С.Лапин, Р.Мөрсеков, Ж.Сейдалин және Б.Қаратаев секілді қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты.
  • 1910-1913 жылдар аралығында Б.Сыртанов өз тарапынан құпия түрде қазақ өлкесін Ресейдің отары қатарынан шығаруды көздеген Жарғы әзірледі. Бұл Жарғыда қазақ жері Ресей отары емес, доминионы (достастық құрамына енген мемлекет, мысалы, Австралия одағы, (Жаңа Зеландия) болу керектігі көрсетілді.
  • 1914 жылы 26 қазанда ол ауыр науқастан қайтыс болды.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub