Барлау торабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Барлау торабы. Барлау қазындыларының кеңістікте орналасу жүйесі. Таужыныстар мен пайдалы қазба жатындарының астасу ерекшеліктеріне орай, барлау қазындылары бір-біріне қатарластырыла немесе Барлау торабы ұяшаларының бұрыштарына орналастырылады. Қазындыларды орналастырудың соңғы тәсілі толық мағынасындағы Барлау торабы болып табылады. Барлау тораптарының шаршы пішіндес, төртбұрышты, үшбұрышты, ромб пішіндес т.с.с. түрлері болады; ең жиі қолданылатындары — шаршы пішіндес және төртбұрышты барлау тораптары, бұларда барлау қазындылары шаршы пішіндес немесе төртбұрышты шартты ұяшалардың бұрыштарына сәйкес орналастырылады. Сөз болған ұяша ауқымы кенорынның геологиялық-өндірістік түрлеріне, ондағы пайдалы қазба жатындарының кеңістіктегі өзгермелілігіне және кенорынды барлау сатысына тәуелді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}