Барақ Қарауыл бай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Барақ Қарауыл бай, Қарауыл Шілмәнбетұлы, Байдәулет Шілмәнбетұлы - 1750 жылдар жобасында дүниеге келіп, 1849 жылдың жобасында Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар кенті іргесінде дүниеден өткен.

Барақ Бигелдіұлының үлкен ұлы Шілмәнбеттің үлкен ұлы Байдәулет жасынан зерек өскен жан екен. Байдәулет туралы ел ішінде әңгімелер көп. Бұл кісінің азан шақырып қойған аты Байдәулет екен. Сырдың бойынан, қазіргі Ақтөбе өңірі жерінен көшіп келген аз ғана ағайын Абылай хан бөліп берген, Қызыл Сеңгір мен Жетіқоңыр аралығындағы жердің шаруашылыққа жайлы шұрайлы жерлеріне таласып қалады. Келісе алмаған ағайындар, «Біздің сұраған жерлерімізді бермесеңдер, көшімізді өзіміздің үйренген тұсымызға қайта бұрамыз» деп, ренішке бой алдырып, кері қарай көшуге дайындық қылады. Сонда билер ақылдаса келіп әр атадан бір баладан, жалпы ұзын саны қырық-елу баланы атқа мінгізіп, батыстан шығысқа қарай жарыстырады. Жерлер алдын-ала бөліктерге бөлінісіп, әр бөліктің биігіне арнайы қарақшылар қадалып қойса керек. Кімнің аты сол қарақшыға бірінші жетсе, сол ауыл сол жерге орналасатын болып белгіленеді. Елдің басы алғашқы қарақшыға ауып, бағытты сонда нұсқайды. Елден бұрын төбенің басындағы қарақшыға жетіп, Байдәулет ат ойнатып тұрады. Осылай, Байдәулеттің арқасында сол жерге Тама тайпасының Дәулеткелді балалары еге болған екен. Байдәулеттің ат бәйгесінде жеңіп алған жерін Қоңыртөбе деуші еді. Ол Сарысу өзеніне таяу, Жезқазғанға қарайғы асфальт жолдың Жетіқоңыр жақ бетінде, Ұлытау ауданының «Сарысу» кеңшарының Баймырза деген бөлімшесінен бері оңтүстікке қарай орналасқан. Қарауылдың дүниеге шыр етіп келгенде қойылған аты, періште «әумин» деп қойған есімі – Байдәулет. Жасынан пысық, ширақ болған. Ертерек атқа мінген. Он бес-он алтысында билікке араласқан. Дәулеткелді атаның балаларына деп «Қоңыртөбе», «Ақкөл», «Жиделісай», «Тобылғылыны» жеңіп алғаннан соң, Байдәулет аты ескерілмей, «Қарауыл» атымен елге танылады. </br> -Еңбек сеніке ғой, өзің осы жерге егелік етерсің, - депті ғой сонда елдің басшылары. Бұл сөзді құп көріп «Елдің, жердің шекарасынан еш бір жан суық қадамын баспасын» деп Қарауыл атамыз бүтіндей аттан түспейтін, ел күзетінде болыпты. Жерді торып, малды торып, елінің ертеңгі күні ашықпауын, жаудың қолына түспеуін қарауылдап жүретіндігі үшін, ел ақсақалдары жиылып: </br> -Сенің тірлігің де, болмысың да осы елдің қарауылдығы болды ғой. Елге сіңірген еңбегің алладан қабыл болсын! Сенің атың енді – Қарауыл болсын, әумин! – деп бата қылған екен. Өзі ақылды, өзі сақ, өте шырамтал, білгір кісі болған дейді Қарауылды бұрынғылар. Көрегендік қасиеті бар бойында, әрі еш нәрседен тайсалмайтын батырлығы қоса болған. Ақсақалдар батасы қабыл болып, осы күнге дейін Байдәулет аты аталмай, Қарауыл атымен есте қалған. Кейіннен Қарауылға мал бітіп, дәулет қонады. Осы кезде бай аты қоса шығып, Қарауыл бай атымен танылады. Кейінгі ұрпақтары Қарауыл байдың ұрпағымыз деп оны мақтанышпен айтады. Айтқаны болған, дәуірлеген кісі екен. Содан да ауыл балалары өз әкелерінің атын атамай Қарауылдың баласымыз дейтін болған. Сол рухта тәрбиеленіп, сол рухта өскен.<ref>Н.Рахымжанов, Жетіқоңыр:Жиделі және Жайылма</ref>

Сурет:Қойбақ батыр кесенесі.jpeg
Баласы Қойбақтың кесенесі. Ұлытау ауданы Жыланды ауылы

Қарауыл әруақты жан екен. Түн баласына ұйқы көрмейтін арқалы әулие болған. Бәйгеге жүйрік ат қосып, бәйге мәреге жақындағанда, таяғын жерге шаншып қойып, шапқан аттар жайлы алдын ала болжам айтып отырады екен. Алған бәйгесін туған-туыс демей ауыл адамдарына түгелдей бөліп беретін болған.<ref>"Созақ өңірі". Сүлеймен Тәбірізұлы. - Алматы: "Дәуір" баспасы, 2007 ж. ISBN 9965-749-84-1.</ref>

Қалмақтар қазақ жерін қан қақсатып басып та алып жүрді ғой. Сол уақытта елдің басын қосып, туын ұстаған жандарға ру басы ретінде тайшы атты атақ беретін болған. Сол атақ қалмақ-жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін де қазақ жерінде жойылмай қалып кеткенге ұқсайды. Себебі, Қарауыл бабамызды маңайындағы ел дәріптеп Тайшы атандырған екен. Елінің ақылшы, данагөй қариясы болады. Ұзын бойлы, жауырынды, басы қазандай жан екен дейді. Өте зерек, сұсты адам болған. Ертеректе Қарауылдың бейітіне топалаң болған малды, жынды болып дертке ұшыраған адамды апарып түнетеді екен. Кейінгі уақытта да ем іздеп келіп, баба басына түнейтіндер көп болған. Қарауылдың дүниеден өткенінен кейін көп ұзамай Кедей Қазанғап шешеннің жылдық асы өтеді. Сонда жаршы балаға Ерубай бабамыз: «Ана бес қақбасты айналып бір шауып келгейсің. Бәлкім, орындарынан тұрып, балаларын қолтығынан демер ме екен?!» депті дейді. Сондағы бес қақбас, бес шалдың бірі осы Қарауыл екен дейтіндер бар.<ref>Н.Рахымжанов, Жетіқоңыр:Жиделі және Жайылма</ref>

Дереккөздер

<references/>