Бал-бұл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:01, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Түсіндірме сөздіктегі мағынасы — бетіне нұр ойнап, өңі ажарлану дегенге мезгейді. «Ажарлы реңі бал-бұл жанып, ... басын изеді...» (К. Оразалин, Көктем).

«Бал-бұл» қос сөзінің бізге алғашқы — «бал» сыңарының түпкі мағынасына іздеу салу қажет. Екінші сыңары біріншісінің қайталауы (аз-кем дыбыс өзгерісімен) деп қана қараймыз.

Зер сала байқаған адамға «бал-бұл» қос сөзінің тек «жану» етістігімен ғана тіркеске түсетін қасиетін аңғару киын емес. Мұны жоғарыда келтірілген мысал да анықтай түседі. Осыған қарағанда оның (бал-бұлдың) «жанумен» тектестігі болар деген жорамал ойға оралады. Жорамалымызды кейбір түркі тілдерінің, әсіресе, қырғыз тілінің дерегі қуаттай алады: бал — айқын қалыпта, лапылдай, жалындап жану мағынасын береді. Сөйтіп, «балдың» алғашқы мағынасы «жанумен» тектестігі ашылады.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}